Бақытсыз Жамал — Бақытсыз Жамал 2-бөлім

Автор: Міржақып Дулатұлы

[0:00.3] Бақытсыз Жамал [0:02.0] Екінші бөлім [0:04.4] Бұл күні Ғали мен Жамал әбден сөйлесіп, әрқайсысы хал-ахуалын біліскен еді. [0:11.0] Іштерінен бір-біріне ұнағандығы білініп, «бір көрген біліс, екі көрген таныс» мұнан былайда кез келіп жүрерміз деп, бұл сапарда айрылысқан еді. [0:21.7] Ғали әлі қалың бермеген бір талапты жігіт болғанға, Жамалдың күйеуіне наразылығына қарай екі тараптанда бір-біріне махаббат байланды деуге лайық болды. [0:41.0] He үшін десеңіз, екеуінің де сол ойын болған түндегі сөздері көңілдерінен кетпей һәмән бірін-бірі ойлайтын болды. [0:56.7] Мұнан кейін Ғали Сәрсенбайдың үйіне бір-екі мәрте келіп кеткен уақытта, Ғали мен Жамалдың бір-біріне көз қарауларын байқап тұрған кісі болса, екеуініңде көздерінде: «Мен сені жаным-тәніммен сүйемін», — деген жазуды оқығандай болар еді. [1:17.2] Ләкін екеуі оңаша жолығуға ешбір реті болмай жүрді. [1:23.1] Бір күні Ғали қалаға бара жатыр едім деген болып, Сәрсенбайдың үйіне келіп қонды. [1:33.9] Далаға шығып-кіріп жүргенде Ғали Жамалға әдейі бір жолығу үшін келгендігін сездіріп қойғанда, Жамал түнде Ғалидың қасына келуін шүбәсіз деп ойлап қойды. [1:47.8] Һәм бұл ойы да теріске кетпей үй іші ұйықтаған уақытта екі жас бір төсекте еді. [2:00.8] Екеуі әуелі жолыққан күндерінен бері нендей ойлар ойлағандарын, бірін-бірі көруге сағынғандарын айтып һәм бастарындағы оқиғаларын да азырақ қозғап қойысты. [2:19.0] Екеуі түбегейлі терең ойға бармай, ақырын көрерміз, қазірше ойнап-күліп жүрейік деп уағда етіп, араларында шын достық ғаламаттары болып қалды. [2:35.7] Екеуі бірдей қазақтың ғұрпында болған қаталарды, жәбіршіліктерді сөйлеп, Жамал өзі ес білгеннен бергі уайымдарын бір минуттың ішінде ұмытып, енді Ғалиды көрмей тұрған минуттар — бір жылдық көрінерін Ғалидың құшағында жатыпайтып білдірді. [2:52.7] Осылайша Ғали, Жамал дос болып, әрбір лайықты уақыттарда жолығып, сұхбаттасып жүріп, қыс өтіп, жаз да келді. [3:01.0] Бұл екеуінің көңілдерінде бір ғана ой бар еді. [3:08.8] Бірақ бір-біріне бұл күнге шейін айтуға әрқайсысы өздеріне сенбеген секілді болып, үндемей жүруші еді. [3:23.3] Бұл ойын Жамал сөйлесе, Ғали қабыл алуы, Ғали сөйлесе, Жамал қабыл алуы шүбәсіз болса да сөйлеуге екеуінің ойындағы мақсаттары бір болған секілді қауіптері де һәм бір еді. [3:48.5] Жамал мен Ғали аз күнгі ойын-күлкінің қызығымен өздерін дүниедегі бақытты адамдардан санап жүргенде, бір күні бұларға үлкен қасіретті хабар естілді: «Байжан мен Сәрсенбайдың арасындағы уағдалары болып, енді бір айда Жұман күйеу ұрын келіп қалыңдық ойнайды», — деген өсек расқа шықты. [4:09.9] Бұл ренішті хабар бұл күнге шейін Жамал мен Ғалидың іштерінде сақтап жүрген сырларын бір-біріне білдіруге себеп болды. [4:21.2] Бұл айта алмай жүрген сырлары — екеуі қалай ғұмырлық жолдас болып, Жұманнан Жамалды құтқару екен. [4:31.6] Бірақ әрқайсысыда өздерінен басқа ешбір жәрдемші болмағанға текке халыққа масқара болып, мақсатқа жете алмай қаламыз ғой деп қорыққан екен. [4:47.0] Енді мынадай Жұман келеді деген хабар аныққа шыққан соң, дүниеде бірінен бірі бөлек тұрудан қапаста жатқанды артығырақ көріп, не болса да, екеуі қосылуға бір жол қарамақшы болып, енді қай күні бір жолықса бұрынғы іштегі жұмбақ болып жатқан сырларын таласып сөйлемекші болып тұрғанда, Жамалға Ғалидан бір хат та келіп жетті. [5:13.0] Оқып көрсе, бұл еді: [5:15.7] Тұра алмадым толықсып хат жазбасқа, [5:20.9] Зылиқа мен Жүсіпті қосқанындай, [5:25.0] Ішкі сырды білгізіп замандасқа. [5:30.2] Екі көңіл бір жерде қосылса егер, [5:35.6] He қызық бар жаһанда онан басқа?! [5:40.6] Тілегің бер, илаһим екі жасқа! [5:46.4] Айтпасаң да қалпыңды, мен байқаймын, [5:52.6] Жек көрмейсің мені де сен байғұс та. [5:57.9] Дертім сыймай ішіме, еттім сыр паш, [6:01.9] һеш үндемей жүрсем де жазы-қыста. [6:06.3] Сипатыңа қызықпас қандай жігіт, [6:11.9] Хор қызындай нұрлы жүз, қолаң шашқа, [6:16.8] Сөзің бұлбұл секілді, жүзің айдай, [6:21.9] Сені сөккен пенде де һеш оңбас та. [6:29.1] Мен мұнда, көңілім сенде, ойың кімде, [6:32.3] Тілеймін осы сөзді ұмытпасқа, [6:35.7] Емеспін мен Жұмандай бай баласы, [6:39.2] Жоқтықты, сұлу Жамал бетке баспа! [6:42.7] Ақылсыз жаман шіркін алып кетсе, [6:47.4] Қызғанып халім бар ма қайғырмасқа. [6:57.0] Сенің де өткен күнің жылдай болып, [7:00.8] Көңіліңнен қасіретің арылмас та. [7:07.5] Ерте-кеш көз алдымда тұрғандайсың, [7:12.7] Қарағым, һеш болмайды сағынбасқа. [7:19.5] Жамалжан, талап таудай болса дағы, [7:24.0] Тон келте, сүйгеніңнің қолы қысқа. [7:28.7] Төскейден қызыл түлкі бұлаң етсе, [7:32.2] Төбеден қыран бүркіт ұмтылмас па? [7:37.5] Жапалақ бадырақ көз босқа қалып, [7:41.6] Қырғи құс түлкіні алып құлпырмас па? [7:48.1] Отырып тәуекелдің кемесіне, [7:52.2] Ай дариға, дариядан өте шықса, [7:55.8] Ғашықтық уағдамен тәуекелшіл, [8:00.8] Қажымай осы үшеуін мекем ұста, [8:06.5] Кімде-кім жетер сонда мұратына, [8:11.2] Пайда жоқ жүрексінген қорқынышта. [8:16.6] Аз сөзде көп мағына деген мысал, [8:21.6] Халімді баян етіп жаздым нұсқа. [8:26.5] Жамалжан, парасатлу етер фаһім, [8:29.5] Бұл сөзім биілтифат қалмас босқа, [8:37.3] Рақматына мың сан разы болар едік, [8:42.8] «Ғали-Жамал лайық» — деп, алла қосса. [8:48.3] Келер деп нендей жауап күтіп қалдық, [8:53.0] Хат жазып жанабыңа жолдап почта. [9:02.2] «Құп!» — деген жібермесең дәруінді, [9:07.7] Зораяды күннен-күнге біздің Хәста. [9:15.0] Дүшпан кеп, досымыз аз, халық сенімсіз, [9:22.2] Я, алла, тура жолға өзің баста! [9:27.9] Ғалидан — пақырыңыз жазылды хат [9:31.9] Махаббатлу махбуба Жамал досқа. [9:45.0] Бұл хатты Ғалиден Жамалға алып келген жігіт әр уақыт бұл екеуінің арасында осындай құпия хабарлар һәм хаттар тасып жүретін Ғалидың бір анық сенген кісісі еді. [10:20.4] Бүгін бұл хатты [10:22.5] Жамалға тапсырып: [10:25.8] — Жауабын ертеңге шейін даярлап қоярсың мен бір ауылға барып қайтамын, — деп кетіп қалды. [10:37.8] Жамал бұл хатты үш-терт мәрте оқып шығып, бір қызып, бір суып Жұманға барса ғұмырынша қайғы-қасіретте өтетінін ойлап, Ғалимен қашса не түрлі ұят машақаттар болып, ақыры нешік болатынына көзі жетпей, аз дағдарып, көзінен моншақ-моншақ жастарды төгіп алды. [11:04.1] Біраздан соң тағы да қайраттанып: «Тәуекел, алла басқа салған соң, не де болса көтердім, Ғалимен ғұмырымша қол ұстасып жүрсем де арманым болмас», — деп ойлады. [11:21.4] Егерде Ғалимен қаша қалса кім тілектес, жәрдемдес боларын ойлағанда, өзінің шешесі Шолпаннан басқа ешкім кезіне көрінбеді. [11:32.5] Шешесіне сиынатын себебі оқушыға да мәлім. [11:38.3] Шолпан әуелден Жамалды Жұманға беруге разы болмай, Сәрсенбайға тілін алғыза алмай қойған еді. [11:48.1] Екінші, Жамал ер жеткен соң Жұманға көңілі наразы болып жүргенін де сезіп, хәтта сол мезгілде Жамалдың жазып жүрген өлеңін де тауып алып оқиды, деп жоғарыда жазып едік. [12:07.6] Үшінші, Жамал мен Ғалидың жақын болып жүргендерін біліп, көріп жүрсе де, білмегенсіп жүруші еді. [12:18.8] Жамалды Ғалиға лайық көрген секілді болып, Ғалиды шын ықыласымен баласындай жақсы көруші еді. [12:32.5] Ұзын сөздің қысқасы, ақырында Жамал Ғалидың жазған сөздерін қабыл алып, қарсы жауап та жазып, ертеңінде манағы жігітке тапсырды. [12:54.0] Бұл жігіт хатты сол күні-ақ Ғалиға жеткізіп берген соң ашып оқыса, жазылған сөз мынау екен: [13:02.5] Ғалижан, біздің қолға тиді қағаз, [13:12.2] Жазғанын қабыл алдым сіздей шаһбаз. [13:19.0] Мақсатқа муафиқлы сөз шыққан соң, [13:22.5] Өңім бе, түсім бе деп тұрдым біраз. [13:33.4] Сіздейін жаздым жауап білгенімше, [13:40.0] He түрлі жазған сөзің кірді ішіме. [13:48.9] Сырымды жалғыз саған білдіремін, [13:54.8] Айтпаған мұнан бұрын бір кісіге. [14:02.1] Мағұлым бір сөзіңе менің халім, [14:05.9] һеш рақат көрмегендей сенсіз жаным. [14:17.3] Еріксіз бір есекке қосақталсам, [14:23.7] Жаһанда екі бірдей келмес мәнім! [14:27.0] Қосылсам нәсіп болып сеніменен, [14:31.0] Кім айтар жүрмеді деп теңіменен? [14:39.7] Сенімен отқа жансам арманым жоқ, [14:47.3] Жуылмаған Жұман атты періменен. [14:52.4] Хатыңда «бай емеспін» деп жазыпсың, [14:58.2] «Бетке салық қылма» деп, көп жазыпсың. [15:08.5] Байды сүйсем, Жұманға бармас па едім, [15:12.8] Мұны ойламай, әшейін тек жазыпсың. [15:22.8] Бір сенсің ғашық отын сөндіретін, [15:29.5] Кім бізді ықтиярсыз көндіретін? [15:32.6] Өлсек шұқыр бір болсын, шықсақ — төбе, [15:37.3] Айрылмалық болса да өлтіретін. [15:40.2] Бір алла жалғыз өзі болсын айғақ, [15:44.6] Тұралық уағданы бекем байлап, [15:53.2] Сен үшін бір басымды еттім құрбан, [15:59.7] Шынжырлап жіберсе де Сібірге айдап! [16:07.1] Біз көндік мұндай халге құдай салды, [16:10.8] Панасыз мазлұммен мен бір зарлы. [16:15.0] Ал енді күн-түн демей хайла қара, [16:20.5] Келуіне жексұрынның бір ай қалды. [16:31.1] Мен де жоқ аға-жеңге мұңымды ашар, [16:34.9] Сырымды басқаға айтсам, жұртқа шашар. [16:40.0] Білмеймін апам байғұс не қыларын, [16:44.2] Жалғыз-ақ сенетінім — ақылдасар. [16:49.2] Аналық мейірбаны түссе егер, [16:58.8] Дұшпаннан құтылуға хайла табар. [17:04.9] Сенбеймін һеш кісіге мұнан басқа, [17:19.1] Керек атам, керек жақын ағайындар. [17:27.1] Жан досым, төрт-бес күнде жолығып кет, [17:31.3] Болса да сөйлесерміз нендей рет. [17:40.5] Өзің де қарап жүрмей ескере бер, [17:45.3] Көңілге кіргеннен соң мұндай ниет. [17:50.9] Келмедің он бес күндей, мен көп тостым, [17:55.2] Санаулы енді аз ғана біздің бос күн. [18:04.0] Қайырлы сағаттарда ескергей деп, [18:10.9] Хат жазған қалам қозғап Жамал досың. [18:15.4] Ғали бұл хатты оқығаннан кейін сол күні өзіне сенімді құрбылары Жүніс, Нұрмаш деген жігіттермен күн батқаннан түн ортасына шейін ауылдан аулақ бір оңаша жерде ақылдасқан еді. [18:38.3] Ғали: [18:40.7] — Мінекей жігіттер, бала жастан бірімізге сен деспей ойнап әскен құрбы едік. [18:55.9] Қазірде демен мынандай бір қиялға түсіп тұрмын. [19:03.4] Айтқан сертіне қыз жетіп, мен жетпей қалсам, маған тірідей өлім ғой деп ойлаймын. [19:12.4] Мен тәуекел деп бұл іске басымды байладым, сендер не ақыл айтасыңдар? [19:25.5] — деді. [19:29.0] Әлгі жігіттер: [19:30.7] — Оның бізге несін айтасың, біздің сенен аянар еш нәрсеміз жоқ. [19:43.7] Бұл заманда қыздың басында ерік бар ғой, азар болса малын алар, кім қызды тегін береді, — дегеннен кейін Ғалидың қуанғаннан екі көзі жайнап кетіп: [20:01.8] — He қылса да осы іске бір өнер-қайрат ете көріңдер, — деп, ертең тағы да ақылдаспақшы болып тарқасты. [20:15.3] Бұл үшеуі ертеңіне һәм бас қосып, бұл жолғы мәслихаттары: әуелі Ғали Жамалға барып, оңашада әбден сөйлесіп, қай күні қашатындарын уағдаласуға қаратты. [20:39.6] Көп кешікпей Ғалида бір күн түнде, Сәрсенбайдың аулының тұсындағы бір сайда, сүйіктісі Жамалмен келешекте бірге рақат ғұмыр өткізулерінің желісін сөйлеп тұр еді. [20:51.0] Дүниеде бұл екеуі үшін бір жақтан істің ақыры нешік болады деген үлкен қорқыныш, екінші жақтан дұшпанның қолына түспей құтыламыз ба деген қуанышпен жүректері лүпілдеп, бірінің қолы бірінің мойнында болып, екі ғашық бір ойда еді. [21:10.6] Май жұлдызы, таңқысқа, ай жарық, дүние тып-тыныш, жел жоқ, һауа жақсы, жаңа қонған жұрт, көкорай шалғын, жапырақ гүлдердің иісі аңқып, біздің жастарды көріп тұрған жалғыз Алла, екіншісі аспандағы Ай мен Жұлдыз еді. [21:36.2] Жан-жануар күндізден шаршаған секілді тынығып, жылқы жусап, қара мал күйсеп, анда-санда қой үріккенде ұйқысы сақ төбеттің маңқылдап үргені, кемпір-шалдың айтақтаған дауысы ғана естілуші еді. [21:54.4] Бұл бейшаралардың да бозбалалардан «үнің өшсін» деген қарғыстан басқа алғысы жоқ еді. [22:04.4] Махаббат мүптәл есіне душар болған сұлу қыздар елеңдеп ұйықтай алмай, тастан қатты шешесі есікті құлыптап, түңлікті ашып қойғанда: [22:22.1] Әттең айдың жарығы күндізгідей, [22:26.5] Ер жігіттің қадірін қыз білгендей, [22:32.2] Қыз байғұстың басында ықтияр жоқ [22:39.1] Есік ашып, досын үйге кіргізгендей, [22:45.4] — деген бір ауыз өлеңді іштерінен «уһ» деген күйінішті дауысқа араластырып айтып жатқанын қасына барып кім көрген. [22:57.8] Торғай шырылдап, таң белгі бере бастады, біздің сайдағылар қысқа таңның атқанын білмей қалған еді. Жамал Ғалиға айтты: [23:12.6] — Анау күнгі саған жазғаннан кейін менің өңім де бұзылып жүрсе керек, апам оңашада қайта-қайта: «Қарағым, неге мұнша сарғайып кеттің, сырыңды айт, бөтен ойың болса менен жасырма, мен сенің біреуге қор мұқтаж болмағаныңды ойламасам, саған жамандық тілер деймісің?» [23:36.6] деген соң және апама сенген соң, бар сырымды сөйлеп едім: «Олай болса, қарағым, бетіңнен жарылқасын. [23:54.9] Ғалиды мен жек көрмеймін, бірақ қайтейін, құдай тағала сені бір жаманға байластырып қойған соң», деп жылап та жіберіп, ақырында өзі бізді шығарып жібермекші болды, — деді. [24:13.7] Бұған Ғали да бихисап қуанып, екеуі ендігі жексенбіге осы сайды белгі қылып, уағда байласты. [24:24.2] Ғали үйіне келіп, өзінің бұл іс хақында ақылдас болып жүрген құрбыларымен сөйлесіп, келер жексенбіге ат сайландыра даярлана бастады. [24:42.9] Екі дос — Жүніс пен Нұрмаш Ғалиды шығарып салмаққа бұлар да даярланып, сенбі күні «не болса да ертең болады» деп, жас жүректері дамылсыз соғуда еді. [24:56.7] Ғали даярланғанда Жамал да қарап жатпай, ақырғы сырын туған анасы Шолпанға айтқанның соңында, Шолпан да разы болып, жол қамын ойлай бастаған еді. [25:17.4] Жексенбі күні де болып, ел жатқан уақытта Ғали, Жүніс, Нұрмаш үшеуі, ерлеген бір ат жетегі бар, жолықпақшы болған сайда даяр болған еді. [25:33.3] Бұларға әр бір еткен минут сүрленген жылдай болып: «Қашан келеді, қашан келеді», — деп қарап тұрғанда, бүркенген екі әйел көрінді. [25:49.6] Келсе, Жамал мен оның шешесі екен. [25:55.0] Бұлармен Шолпан амандасып болған соң: [26:00.1] — Шырақтарым, енді алла тағала қайырлы сапарын беріп, мақсаттарыңа жеткізсін, қайда жүрсеңдер де аман жүріңдер. [26:17.5] Қазір де ешкім көргенжоқ, тоқтамай жөнеліңдер, — деп Жамал мен Ғалидың беттерінен сүйіп, жыламсырап қоштасып, жастар аттарына мініп жөнелгенде біраз арттарынан қарап тұрып, үйіне қайтты. [26:31.9] Шолпан кісі көзіне түспей үйіне барып жата тұрсын, біз мезгілсіз аттанған жолаушыларымызды жолға салып жіберелік. [26:44.8] Ғалидың достарымен ақылдасқанда Жамалды алып барып жатпақшы жері — дуанда өзі бірге саудалас болып несие алып жүрген Фатихолла бай еді. [27:00.2] Қазірде ауылдан былай бес-он шақырым шыққан соң, арттарынан қуған ешкімнің дыбысы жоқтығына көз жетіп, тағы да ақылдасып, сол әуелгі планы бойынша жүз жиырма шақырым жердегі қалаға тартпақшы болды. [27:32.5] Бұл түні күн шыққанша елу шақырым жүріп, адам жоқ бір қыстау келіп жасырынып жатты. [27:43.7] Күн батып, ымырт жабылғанша бұларды ешкім көрмей, енді тәуекелдеп, таң атқанша дуанға жетпекші болып Ғали мен Жамал жүріп кетіп, Жүніс пен Нұрмаш елге қайтты. [27:59.6] Ғали, Жамал қалаға саламат жетіп, Фатихолла байдың үйіне келді. [28:10.3] Бастан аяқ оқиғаны Ғали Фатихолла байға айтқаннан кейін, Фатихолла бай әуелінде осындай қазақтың қызды жастай құда болып, біреуге беріп қоятын жаман ғадетін жек көргендігі себепті және де Ғалиды һәм тәуір көретіндігінен бұл екі мүсәпірді қабыл алды. [28:41.0] Фатихолла бай өзінше тәуір пікірлі ғана, өзі айтқан сөзін болдыруды жақсы көретін бір татар еді: «Әйдә, Ғали! [28:53.2] Син бір де қорықма, алһамділле, бізнің қораға рұқсатсыз еш бір степной қырқызларың кірә алмас. [29:04.8] Әгер де киліп скандал чығармақчы бұлсалар, прямочастьқа заявить итіп, жилкөлерін қашытармыз», — деп Ғалиды қайраттандырып қойды. [29:21.3] Бір қонғаннан кейін Ғали Фатихолла баймен ақылдасып, құр мұнда келіп қарап жатқанның мәнісі болмас, «ұлықтан Жамалдың басына ерік алалық» — деп адвкатқа арыз жаздырып, крестьянский началышкке Жамалды кіргізді. [29:45.7] Арызында: «Мені жеті жасымда атам қазақ ғұрпынша бір қазаққа малға сатқан екен, бұл күнде кәміл жасқа толып көрсем, күйеуім өзіме ұнамағандығы себепті һәм мені атам ықтиярсыз бермекші болған себепті, өзімнің сүйген жігітіммен қашып келдім. [30:12.1] Мархамәтшылық жүзінен мен мазмұнаның көз жасын құрғатып, басыма ерік беріп қиянаттан қорғасаңыз екен», — деген сөздер жазылған еді. [30:27.0] Бұл арызды ілтифатқа алып, начальник Жамалдың қолына: «Кімге барсаң да ықтияр», — деген қағаз беріп, болысқа һәм былайша қағаз шығарды: [30:44.4] «Жамал Сәрсенбайқызына ешкім қиянат, жәбір қылмасын! Сүйген күйеуіне баруға өзіне ерік берілді. Қалыңмал хақында дау болса, волостной съезге саларсың», — деп. [31:10.8] Енді оқушыларға елде болып жатқан уақиғалар мағлұм болсын. [31:19.3] Жамал қашқан күні таңертең Сәрсенбай намазға төсектен тұрып түндік аштырып азан оқып болғаннан кейін, Жамалдың жоғын көзі көріп, қатындарынан: [31:33.0] — Жамал қайда кеткен? — деп шүбәланып сұрай бастады. Шолпанда еш нәрсе білмегенсіп: [31:44.6] — Жамалжан тысқа шыққан шығар, — деп тұрғанда Сәрсенбайдың бәйбішесі: [31:53.9] — Ойбай, бетім-ау бір сұмдық болған екен ғой, Жамалдың ілулі тұрған киімдері қайда? [32:03.2] — деп, сол минутта Жамалдың қашқаны мәлім болды. [32:10.5] Үй іші сасып, ренжуде болып, сол сағатында ауыл да жиналып ақылдаса бастады, біреулері: [32:19.8] — Өзінің күйеу іалып кеткен шығар, — деп, көбі: [32:22.7] — Жоқ, мұны Дүйсебектің қу баласынан басқа ешкім әкеткен жоқ. [32:27.6] Өздерің де соны патшаның баласындай әлдеқандай көріп тым еркінсітіп жіберіп едіңдер, ал енді қайтер екенсің, — деп, Сәрсекеңнің жалғыз басын даң қылды. [32:44.9] Сөйтсе де мәслихаттасып: «Осындай мағлұмсыз біздің баламыз, сіздің келініңіз Жамалды біреу түнде алып кетіпті, енді не қыламыз», — деп Байжанға кісі жіберді. [33:03.3] Және бір жағынан астыртын Ғалидың аулына да кісі жіберді. [33:12.9] Кешке таман Ғалиларға кеткен жігіт бүгін: түнде Ғали, Нұрмаш, Жүніс үшеуінің жақсы аттарына мініп үйлерінде жоқ болып шыққан хабарын алып келген соң, шүбәсыз істің анығын біліп, Байжанға екінші кісі жіберді: [33:32.0] — Мінеки, Дүйсебектің баласы алып кетіпті, ендігі ақылын өздеріңіз білесіз, — деп. [33:39.2] Бұл күн осылай хабарлармен өтіп, екінші күнде Байжан жиырма жігіт ертіп, «бәлемнің шаңырағына қобыз тартайын», — деп, Сәрсенбайдың аулына келіп түсті. [33:55.6] Бұл өткен түнде Нұрмаш пен Жүніс те үйлеріне келіп жеткені мағлұм болып, аттары сүмектей болғаны әркімге көрініп қалған еді. [34:15.2] Байжан істің анығын білген соң, жолдастарынан бес кісіні түнде аттандырып, Ғалилардың аулынан жылқы алдыруға жіберді һәм болысқа кісі жіберіп жазды: Мінеки, осындай оқиғалар болып қалды, билеріңізді алып мұнда келіңіз! [34:34.4] — деп, Байжанның барымтаға аттандырған жігіттері ат, айғыр, ту биеден он екі жылқы алып һәм жолдан Сәрсенбайдың бір қысырағының үйірін қоса айдап барып та қалды. [34:48.2] Күллі жиылыстың расходы Сәрсенбайдың мойнында болып, қорыққаннан бір ауыз сөз қарсы айтуға хәлі де жоқ еді, хәттә жан-жаққа шаптырып жатқан аттар да Сәрсенбайдікі еді. [35:07.2] Үш-төрт күннің ішінде бір болыс елдегі керекті кісілер жиналып, бір үлкен съезд болды. [35:20.9] Байжанды жақсы көргендер халық жиналған жерде: Міне, жұрт бұл секілді тентекке тізгін беріп жібере берсе, жұрттың қойнындағы қатынын да әкетер, мұндай болмасқа тыю салып, біреудің ақ баталы жесірін қайтарып әперу керек. [35:45.0] Біреуге болған қиянат ертең екінші кісінің басына келмей ме, мұнымен халық арасы бұзылып, жұрттықтан шықпаймыз ба? [36:04.4] — деп уағыз сөйлей бастады. [36:08.4] Кешке таман іңір уақытында Байжан болыс писірді, осы жиылысқа келген бес биді һәм указной молда Ахметжанды оңаша, ауылдың сыртына шақырып алып: [36:27.8] — Енді ертең не болса да бір іс қылыңыздар, мен қазір де малға бітпеймін. [36:37.2] Мыналардың бізге барып қалған он жақсы жылқысы бар, бұл мал менің жауыма қайтарылып берілгенше өздерің олжа қылыңдар, мен кешіктірмей сатып жіберемін. [37:02.1] Сіздер бір жолға менің намысымды жоқтап не дегенімді істеп беріңіздер? [37:14.0] — деді. [37:16.1] Бұлар да «олжа» деген сөздің қарасын көрген соң, мұрттарынан күліп: [37:29.2] — Енді қалай қылдейсіз? [37:33.7] — деп сұарды. [37:36.0] Байжан айтты: — Сіздер әр қызметтің басындағы кісілерсіз, мінеки, болыс пен писір ұлық жағынан бұл туралы нендей іс болса да дұрыстап тұрар. [37:52.7] Билер ертең Сәрсенбай, Дүйсебектердің мұнан сұрайтын жылқыларын атказ етіп, қыз бен жігітті шығарып жіберген екі жігітті соларды тауып әкелуге міндеті қылыңыздар, тауып әкелмесе түрмеге отыруға бұйырыңыздар! [38:10.9] Ал Ахметжан молда, сіз бұл қыз бен біздің Жұман екеуіне алып қашудан он күн бұрын неке оқылған еді деп книгеңізге жазып, бізге куәлік беріңіз, — деді. [38:31.9] «Сіз мұндай жұмысты болып тұрғанда өтірікке де болса кіріспей болмас», — деп разы болысты. [38:53.8] Сол жерде Байжан қалтасынан суырып, әрқайсысына елу теңгелеп төрт жүз теңге ақша берді. [39:05.9] Бұл түн өтіп, таң атты. [39:12.4] Болыс-билер повеске жазып, Ғалидың атасы Дүйсебекке һәм Нұрмаш пен Жүніске шақырушы кісі жіберді. [39:27.8] Бұл үшеуі де хабар тиген соң бармай қалудың лажын таба алмай, өздеріне қараған атқа мінер кісілерін алып, Саумал көл басындағы құрылған съезге келіп жетті. [39:43.7] Тістерін қайрап отырған болыс пен билер бір сағат кешіктірмей тексеріп, қолға ала бастады. [39:57.7] Екі жағынан сұрастырып келгенде қыз алып қашқан жағы: «Енді біз қолмен істедік, мойынмен көтереміз ғой, бір тентектің мұндай ел арасын айырып сөзді қылғанына өзіміз де ренжиміз, жолымен мал беруге разы боламыз», — деді. [40:22.8] Байжан мына сөзді естіген соңтас-талқан болып: [40:29.8] — Мен өзім ат жалын тартып мінгелі мұндай қорлық көргенім жоқ. [40:39.9] Бүгін Қарынбайдың малын берсең де бітпеймін, жесірімді әкеп бер, болмаса мәймөң келеген былшыл сөзің керекемес, — деді. [40:59.2] Билер де: [41:01.5] — Байжанның сөзі дұрыс. Байжан жөн айтады, — деп мақұлдап қойды. [41:12.6] Билер Жүніс пен Нұрмаштан сұрады. [41:19.2] — Сендер Ғалиды шығарып салғандарың рас па? — деп. Бұлар мойнына алып: [41:28.2] — Жаны бірге құрбы болған соң, шығарып салғанымыз рас, — деді. Билер оңаша үйге писірді алып барып, биліктерін жазып қайтып келіп есіттірді: [41:42.3] — Жұман Байжанұлының некелі қатыны Жамал Сәрсенбайқызын ықтиярсыз Ғали Дүйсебек баласына шығарып беріп жібергені үшін: [41:57.4] Дүйсебек, Жүніс, Hұpмaш үшеуі бір айдың ішінде тауып беруге міндетті болады. Егер тауып бермесе, әр қайсысы екі айдан түрмеге отырады, — деп мағлұм етті. [42:14.6] Жауапкер жағы: [42:16.6] — Бұл некелі қатын дегеніңіз қалай? [42:20.3] — деп сұрасып еді, билер «Шариғат бойынша ижаб қабыл болған соң, бәрібір неке емес пе?» [42:30.0] — деген болды. [42:32.4] Хақиқатында бұлар указной молдадан өткен түндегі куәлікті алмақшы болып қойғанын Дүйсебектер сезбей қалды. [42:44.7] Бұл биліктен кейін Дүйсебек, Сәрсенбайлар Байжанның барымтаға алған жылқыларын сұрап биге түсіп еді, билер мұны қарсы дау деп атказ қылды. [43:04.8] Бұл екеуі билердің осы ек