Маса — Жазушының қанағаты
Автор: Ахмет Байтұрсынұлы
Бұл сөзді біреу алмас, біреу алар, Құлағын біреу салмас, біреу салар. Теп-тегіс көпке ұнау оңай емес, Кейіне жарамаса, кейіне жарар.
Қайсысы ықыласын салып тыңдап, Жаратпай қайсыбірі, теріс қарар. Дүниеде сүйгенім бар, күйгенім бар, Солардан аз да болса белгі қалар.