Маса — Туысыма
Автор: Ахмет Байтұрсынұлы
Болармын нағып риза туысыма? Туыппын таршылықтың уысында. Шамам жоқ, жан-жағыма қол созарлық, Тар көрдің тығылғандай қуысына. Айта алмай шын сөзіңді қорғалайсың, Туғаның бүйтіп қор боп құрысын да! Бар пайдаң өз басыңнан артылмаса, Мал ғұрлы мағына жоқ тұрысыңда