Менің құрдастарым — Тарау 4

Автор: Саттар Ерубай

─ Қане, балалар, кірісіңдер! — деп цемент таситын арбасына жүгірді. Қыздар өз учаскесіне тұра жүгірісті. Сарман комсомолец сатымен құрылыстың төбесіне шығып бара жатып:

─ Асханаға барып өшіретте тұрып, тамақ ішкенше екі жарым сағат етеді — деді өзіне-өзі Рақмет кабинетінде телефон арқылы сөйлесіп отыр.

─ Екі бригада асханаға бармай жұмыс істеп қалды. Айтқанымызға көнбей қойды. Қазір нан, май, шай апарып беруіңізді сұраймын. Жиырма адам.

Жұмысшылар тамақтан қайтқан жоқ. Тек екі бригада тынбастан жұмыс істеп жүр. Сөйлеспейді. Аркаша бригадасына, кішкене арбаны қолымен сүйретіп нан, шай, май алып келді. Алып келген әйел жерге қағаз төсеп барлығын жайып қойды.

Ұлбосындарға да бір әйел алып келіп, дәл солай даярлап қойды.

Аркадийға әйел:

─ Ал, шай ішіңіздер! – деді.

Аркаша үндеген жоқ. Ұлбосындарға қарады да жұмысын істей берді.

Ұлбосынға да қасындағы әйел:

─ Тез шай ішіңдер! – деді.

Ұлбосын жауап қатпады, Аркаша бригадасына қарап, олар істеп жүргесін істей берді.

Аркашаға әйел тағы да:

─ Боласыңдар ма, жоқ па? — деді.

Аркаша Ұлбосынға қарады, Ұлбосын Аркашаларға қарады. Біраз қарап тұрысты. Бір уақытта Ұлбосын шайға қарай жүрді. Аңдып тұрған Аркаша:

─ Қане, келіңдер! — деп шайға жүгірді.

X тарау

Шахты астында негізгі штректе Лиза тұр. Үстінде шахтер киімі, қолында шам. Шахты астының үрлеген желі басына тартқан орамалының ұшын жеңіл желпілдетіп тұр. Қайла шапқан дыбыс, аттың пысқырғаны, ат айдаушының ысқырғаны, вагонетка дөңгелегінің сырылдауы, айқайлап сөйлесу шахты астын шуға толтырған. Шахтының төр жағынан шамын мойнына ұстап біреу келе жатыр. Бұлардың біреуі бригадир Миша. Денесі толық, келбеті жылы. Лизаға келіп, күліп амандасты. Бет-аузының бәрі күйе.

─ Жүріңіз!

Екеуі жүгіріп келеді. Штрек бойы электр жарығы. Лебедкашы қыз, электр жарығының астында жоғарыдан төмен қарап тұр. Төменде, алыста жез арқанмен жоғары көтеріліп, көмір салған вагондар жылжып келе жатыр. Оң жағында жиналып тұрған парожняктер. Алыста бір — екі шам жақындап жылтырап келеді. Бұлар Лиза мен Миша. Қызға келді. Лиза жылы жүзбен қызға қолын ұсынды.

─ Амансыз ба, Айша?

Айша жауап берудің орнына күлімсіреді.

─ Танысайық, учаскенің жаңа начальнигі Елизавета Вознесенская.

─ Айша Ерімбет қызы...

Лебедканың жанындағы телефонды алып Лиза сөйлесті:

─ Нарядная... Слесарь бар ма? Болса дереу мұнда жіберіңіз!

Міне Миша мен Лиза тағы жүгіріп кетті. Айша күлімсіреп артынан қарап қалды.

Лизалар штректің жанындағы бір есікке кіріп кетті. Қараңғы. Тек мойындарына ілген жарығы беттерін көрсетеді. Бұл комсомол лавасы. Пластының жұқалығы сонша, бұлар жер бауырлап келе жатыр.

─ Жүріңіз — деді Маша.

Қысалаңда, Миша Лизаның аяғын ұстай алды. Лава тар. Лиза шаршады, жүре алмады, ентікті.

─ Сәл демалсақ қайтеді!?

─ Мейліңіз...

Алда қайланың тарсылдауы естіліп тұр. Лизаның беті тар жерде Мишаның бетіне тиіп кетті.

─ Жүр...

Тағы кетті. Сүйретіліп келе жатыр. Алыстан жарық көрінді. Бірінің артынан бірі сүйретіліп келе жатыр. Бір жерде конвейердің ішіне түсіп жүрді. Лиза әбден шаршады. Тізесімен еңбектерде астындағы көмірді қолымен ала бастады. Ернін тістеп қиналып келе жатыр. Ілбіп қозғалады.

─ Қазір жетеміз — деді Миша.

Ол алдына түсіп, сусып жүзіп бара жатқандай қарасын үзіп кетті. Лиза отырды. Тізесін сипады. Терлеген, шып-шып тер сорғалап ағады. Осы уақытта конвейер қозғалып кетті. Лизаны шайқап төмен қарай бір сырғытып тастады. Лиза барлық күшін жинап жоғары еңбектеді. Жоғарыдан төмен сарылдап жатқан өзінің ағысына қарсы жүзген адам сияқтанды.

Конвейер тарс-тарс етіп көмірді төмен қарай жылжытып жатыр. Бригадир арғы түптен айқай салды.

─ Тоқтат конвейерді!

Лиза ентігіп:

─ Тоқтатуға болмайды! – деді.

Бірақ конвейер дауысты көмірімен жылжытып әкеткендей бригадирге жетпеді. Конвейер тоқтады.

Лиза ентігіп зорға жетті. Бригадирдің қасына барды. Көмір шабатын машина қарап тұр екен.

─ Бір минут тоқтауға болмайды ғой...

─ Слесарь кетіп қалыпты.

─ Өзін жақсы білесің бе? — деді Лиза.

─ Жоқ.

─ Екпінді бригадирдің машинасын білмеуі кешірілмейтін күнә екен..,

─ Машинашы, оның көмекшісі бар ғой...

─ Сенің өзің жақсы болуың керек, оларға қалай басшылық бересің!

Бригадир үндемеді.

─ Екінші бригадир бұзылған машинаның біреудің аузына қарамай, өз күштерімен түзей алатын болу керек.

Десятник пен слесарь келді.

Лиза десятникке қадала қарады:

─ Слесарь қайда кеткен екен?

─ Білмеймін, кетіп қалып, жаңа келді...

─ Қолындағы адамдарыңның қайда жүргенін білмейсің бе?

Бірі бұрын, бірі кеш, бірнешесі бірдей соғылған қайла дауыстары, күреген күректер, қойылып жатқан күректер. Шахты астының өмірі қызуда.

Бір шал бағанадан бері қайланы ауық — ауық самарқаулау бір қойып, көңілсіз отыр.

─ Темекің бар ма? — деп жолдастарынан сұрап қояды.

Лиза оған жақындады. Шал начальнигін көре сала қайланы тез-тез ұра бастады. Үсті — үстіне ұрады. Лиза қасына барды. Шал қарамайды, шауып жатыр.

─ Жолдас, тұра тұрыңызшы!

Лиза шалды иығынан ұстады. Шал алақтап, сасып, тоқтап Лизаға қарады.

─ Мә, темекі..

Лиза шалға папирос берді. Шал артынан қарап тұрып, көмірді құрыштанып шаба түсті. Лиза алға қарай келеді. Еңкейіп жүруге болады... Слесарь Лизаның артынан қарады:

─ Шіркін, осындай қатының болса, не арманың болар еді?

─ Жап аузыңды, сұм! — деп айқай салды Миша.

Екінші лавада Сергейдің бригадасы жұмыс істеп жатыр. Шетте екі адам қатар көмір шауып жатыр.

Бірі — Төлеп, бірі — Егор. Қасында жамбастап Елемес жатыр.

─ Неге шаппайсың? — деді Төлеп.

─ Жалықтым, отағасы, қазғаннан келер пайда бар ма?

─ Нормаңды өмірі толтырмайсың, шығарып тастайды ғой...

Ар жағынан шам жарығын бетіне ұстап бригадамен Сергей Егорға келді. Ашулы. Сені пенсионер ету керек, сұм, бұл қай шабыс?

Егорды кимелеп кетті.

Елемес көмір шаба бастады. Бригадир етіп кетті.

Елемес тағы шапқанын қойды.

─ Су ішіп келем.

Елемес төмен қарай конвейермен сырғи жөнелді.

Негізгі штректе Лиза, десятник, бригадир Шымырбек тұр. Елемес лавадан шығып қабаттасып бұларға келді.

Шымырбек шамын алдына қарай бір көтеріп:

─ Сергей бригадасы бізден өлсе де оза алмайды. Олар тасбақаша жүреді. Өңкей жалқаулар.

Елемес қасына жетіп барды.

─ Не дейсің, жүгермек?

Шымырбек сасып, селк ете түсті. Лиза жалт қарады.

Шымырбек:

─ Оза алмайсыңдар деймін — деді.

Елемес суға да барған жоқ, ізінен кейін қайтты.

Төлеп көмір шауып жатыр. Еңбектеп Елемес келді. Tүci суық. Ашулы, бейкүнә. Тісін қайрайды, қабағын түйген.

Келе салып, алды-артына қарамай шаба бастады, көмірін опыра берді. Қайланы ұрғанына көз ілеспейді. Тістеніп бар күшімен ұрады. Бір уақытта алдын көмірін үгітіп тастады. Бір күрсінді. Төлепке қарады:

─ Жаңа келген начальник, егер Шымырбектерден озып шықсаңдар, әрқайсыңа бір етік, көйлек, сыйлық берем — деді, содан қалай да озу керек.

─ Рас па?

─ Рас. Жұрт алдында уәде берді.

Елемес кең даусымен барлық лава бойына айқай салды:

─ Жолдастар, егер Шымырбек бригадасынан бүгін ерте озып шықсақ, әрқайсымызға бір етік, бір көйлек сыйлық беретін болды. Қане, бар күшіңді жұмсаңдар!

Жан-жағынан айқай шықты:

─ Рас айтасың ба?

─ Рас, рас. Қане, қайсың менімен жеке жарысқа түсесіңдер? Сол сыйлығымды тіктім!

─ Мені — деді түкпірде бір дауыс. Бұл — жас жігіт Шәймерден еді.

─ Мен де түсем — деді Төлеп жай ғана.

Біреу қатты айқай салды:

─ Бәріміз де!

Қайлалар шақылдап соғылып жатты.

Қайласын ұрып жатып Елемес:

─ Намысты жіберсем ит болайын! — деді тістеніп.

Лиза шахтыдан таң бозарып атқанда ғана шықты.

XI тарау

Бір күш Лиза күшіне кабинетіне келіп, бұйрық жазды.

Шахтерлерді боқтап, ұрып жұмыс істетпек үшін бригадир Владимиров Cepгейді орнынан алам. Оның орнына бригадир етіп екпінді Елемес Жайлыбек ұлын тағайындаймын.

Лиза орнынан тұрып, кабинетінен шығып, Ильяға барды. Ильяның кабинетінде жұмысшылар толып отыр. Біреулері шығып, біреулері кіріп жатыр, шығып шахтерлер бригадир Шымырбек бас болып тінтіп кетті. Қолдарында қайла, шамдары бар. Шахты астында Лиза жолыққан десятник кетіп бара жатқандарға:

─ Қазір барам, наряднаяға бара беріңдер – деді. Үйдің іші толған, есік жақта Төлеп отыр, ауық-ауық жөтеліп қояды. Қасында кішкене қара жігіт отыр. Илья қағаз жазып төмен қарап отыр. Қасында түрегеліп Лиза тұр. Тағы бір — екі шахтерлер тұр. Төлеп Лизадан көзін айырмай қадалуда.

─ Шіркін, неткен әдемі еді? — деді қасындағыға. Қасындағы кішкене шахтер:

─ Апырмай, күні-түні шахтыдан шықпайды — ау! Іші — бауырына Кіріп тұрады — деді.

─ Оқудан келді дейді, менің Рақметжанымды білер ме екен? Сұрасам қайтеді?

─ Ай, қойшы, сенің сұрамайтын адамың болсайшы! Тірі болса, жүрген шығар, несіне қайғыра бересің.

Төлеп күрсініп төмен қарады.

Илья жазған қағазын екі шахтерге берді. Олар шығып кетті. Төлептер де шығып кетті. Илья Лизаға қарады.

─ Я, Лизочка...

Лиза шашын кейін қарай бір сілкіп тастады.

─ Сергейдің бригадасы ақырғы он күндігін 150 мен процент орындады, оның ішінде Елемес забойшы нормасын 300 проценттен орындады...

─ Сол бригаданың өзі аурулы бригада еді..

─ Шымырбек бригадасы 140 процент орындады.

─ Сергейлер озыпты ғой ақыры!

Лиза ар жағынан орындық әкеліп отырды:

─ Мен Сергейді бригадирліктен алып отырмын, оның орнына Елеместі тағайындамақшымын.

Илья біраз ойлап отырды да:

─ Сергейді алғаның дұрыс, бірақ Елеместі тағайындауың қалай болар екен? — деді. Саусақтарымен столды тықылдатты да:

─ Оның нормасын артық орындап жүргеніне он — ақ күн болған жоқ па? Онан соң норма орындады деп қоя беруге бола ма?

Лиза шашын тағы сипап тастады.

─ Ол намысшыл екен, оны тәрбиелесе маңдай алды екпінді болады — деді Лиза.

Илья Лизаға қарап күлді.

Лиза шығып бара жатқанда алдынан Миша шықты.

─ Маған көмір кесетін машинаның тепкіштерін үйретсін! — деді.

─ Мақұл, кешке біздің үйге кел — деді Лиза.

XII тарау

Көшеде Ермек келе жатыр. Аяғын жай басады, тісін шұқиды. Оң жағына қарап ашық магазинді көрді. Бұрылып ішіне кірді. Ішінде бірен — сараң ғана адам бар. Біреу қызыл барқыт өлшетіп жатыр. Соның қасына жүгіріп барады.

─ Шырағым, мынауыңның метрі неше сомнан? – деді.

─ Төрт сомнан.

Ермек қуанып кетті. Қойнына қол сұқты, Түюлі бір шүберекті алды. Ішінен әбден жұмырланған қағаз ақшалар шықты.

─ Маған төрт метр өлшеңіз...

─ Әкел билетіңді.

─ Нағылған билет?

─ Екпінділік билеті.

Ермек сұп-сұр болып кетті. Тұрған жерінде ciлейіп қалды, ақшасын тастап жіберді. Қайтып алды, онан соң жалынышты түрде:

─ Жалғыз қызым бар еді, өміріндегі арманы қызыл барқыт еді, шырағым, жасың ұзақ болғыр, бір нәрсе етші! – деді.

Сатушы қарайтын да емес, өз жұмысымен болып жүр.

─ Болмайды, тек екпінділерге ғана беріледі.

Ермек салбырап далаға шықты. Есіктің алдында қапаланып біраз тұрды. Сонан соң бір нәрсе ойына түскендей тұра жүгірді.

... Шахты құрылысында Рақмет Ұлбосын бригадасының қасында жүр.

─ Біз күнделік жоспарымызды екі жүздеп орындаймыз. Аркашалар 120 процент орындайды.

─ Көтермеге алыңдар — деді Рақмет.

Даша жүгіріп Аркашаға барды.

─ Сендер артта қалып қойып, жалпы жұмыс қарқынын кейін тартып отырсыңдар. Әлдерің келмесе, біз көмек береміз! — деді Даша Аркашаға.

Аркаша шыдай алмады:

─ Сендерсіз де күн көреміз!

Арт жақтан Рақмет келді.

─ Бұл не дегеніңіз? — деді Аркашаға.

Ермек жүгірген бойымен Жылқыбайға келді. Қабағын түйіп тұрып жан-жағына қарап алды да мынаны айтты:

─ Екпінді болайық, пайдасы бар екен, ешкімге айтпа!

Жылқыбай күлді.

─ Мен әлдеқашаннан екпіндімін ғой...

Ермек адырая қарады:

─ Менен неге жасырдың?

─ Сізге болма деген жерім жоқ қой...

─ Менен жасырғанда мұның шыққан шығар! Ермек ала көзімен бір қарады да кете берді.

XIII тарау

... Шахты астында, штректе шамдарын алдына қойып екі адам отыр. Бірі — Елемес, бірі — Төлеп. Алдарынан төрт вагонды сүйретіп өтті.

─ Қане, жүрейік — деді Төлеп. Елемес жауап бермей біраз отырып:

─ Бара беріңіз — деді біраздан соң:

─ Арманым Шымырбектен озу еді оздым. Енді тағы зеріктім — деді. — Қой, жүр, бригадир келіп қалар.

Елемес орнынан қозғалған жоқ. Төлеп лаваға қарай кетіп қалды.

Ысқырып өлең айтып бірінші лава жақтан Шымырбек келе жатыр. Өте бергенде Елемес:

─ Тоқта! — деді Шымырбекке.

Шымырбек қасына келді.

─ Қалай екен, бала, кім озып шықты, енді айтушы болма!..

Шымырбек Елемеске еңкейді.

─ Бәсеке әлі алда, айлық жоспарды қайсымыздың артық орындайтынымыз әлі мәлімсіз, мақтануға әлі ерте.

Елемес бір нәрсе айтайын деп еді. Шымырбек тыңдамай кетіп қалды.

Елемес орнынан қарғып тұрды.

─ Олай болса көрерміз!

Адымдап басып ала жөнелді. Лаваға келді. Үндеместен көмір қаза берді. Бір уақытта тоқтап, Төлепке:

─ Әлі айлық жоспарды артық орындағанда ғана озған болып саналады екенбіз — деді.

Шәймерден жүгіріп келді.

─ Қолыңды әкел, Елемес, бригадир болатын болыпсың...

Елемес сенбеген күйі көмірін қаза берді.

─ Бізге қайдан бригадир берілсін.

─ Шын айтам, Елемес.

Елемес біраз қадалып қарап тұрды да:

─ Көмірді қазсайшы! Өзіңнің ар-намысың бар ма? — деді.

Штректе Лиза, десятник екеуі тұр. Лавадан шығып Елемес келді.

─ Елеместің бригадасы бүгін 300 процент орындады — деді десятник. Жаңа сменаның десятнигі Долгин келді.

─ Шетін тексеріп, лаваны мен тексердім, қауіпті, бір адам жіберуші болмаңдар — деді.

─ Келесі смена келетін уақыт болып қалды, қазір наряднаяға бармаңдар — деді Лиза екі десятникке де.

Лиза, Долгин кетіп қалды. Елемес десятникше:

─ Мен көмір шауып осында қалам – деді.

Десятник шамын жоғары көтеріп:

─ Жаңа сменаға лаваны босату керек қой – деді. Тарсылдап вагон келе жатыр. Айғай көбейе бастады. Десятник кетіп қалды. Елемес біраз аңырайып тұрды.

─ Лаваға барып көмір шабам — деп бригадасына қарай кетті.

... Шахтыдан шыққанда Лиза Мишаға жолықты. Бетіне қарап тұрды да: — Біздің үйге барасың ғой? — деді де жауап күтпестен тез-тез басып жүріп кетті.

Миша артынан қарады да қалды.

XIV тарау

... Лизаның үйінде Миша мен Лиза көмір кесетін машинаның суретін көріп отыр. Лизаның үстінде белін түймелеп тастаған жеңсіз, жағасы қысқа, қызыл көйлек. Бұлар ауызғы үйде отыр. Ішкі үйдің есігі ашық. Төселген кілем, Лизаның төсегі көрініп тұр. Ауызғы үйде екі шкаф толы кітаптар, үй қабырғасындағы сағат сыртылдап тұр.

─ Түсіндің бе? — деді Лиза.

Баяғы Ленинградта, парктегідей, көзі ойнақшып, күлімдеп Мишаға қарады.

Миша қызарып төмен қарады. Суретке үңіле түсті. Лиза Мишаға қадалып қарап отыр. Мишаның шашын сипады. Күлді. Сөйтіп отырғанда Ленинградта паркте дәл осы құсап, Рақметтің шашын сипағаны көзіне елестеп кетті. Лиза қолын бір нәрсе шағып алғандай тартып алды. Бетінен күлу кетіп, бозарып кетті. Бір нәрседен сескенушілік пайда болды. Орнынан қарғып тұрып, терезе жаққа кетті. Қайтадан Мишаға қарады, Кейін қарай жатқан шаштарына көзі түсіп, қайтадан жайдары болды. Осы уақытта Миша орнынан тұрды. Менің — Лиза, мен саған бір сөз айтайын деп жүрмін. Лиза төмен қарап тұрып: Айтпай — ақ қой, білем — деді.

Мишаның бетіне қуаныш жүгірді. Жүгіріп Лизаның қасына келді.

─ Лизочка, не дейсің соған?

Лиза үндемеді. Миша қолын Лизаның мойнына салды.

─ Лизочка, айтшы!..

Лизаның көзіне тағы Рақмет елестеді.

─ Тұра тұршы...

─ Лизочка, айтасың ба, жоқ па?

Лизаның көзіне институттен Рақмет тағы елестеді. «Сенен басқа ешкімді сүймеймін!» — дегені есіне түсті.

─ Тұра тұршы...

─ Лизочка!..

Миша жақындай түсті. Осы уақытта есік қағылды.

─ Кіріңіз! — деді Лиза.

Хат тасушы кіріп хат ұсынды. Лиза жүгіріп барып алды, хатты ашты: хат академиктен келген.

«ЖАНЫМ ЛИЗОЧКА!

Хатыңды алдым. Неге Рақмет туралы бір ауыз сөз жазбайсың? Мені ұрсады деп жүрсің ғой. Жоқ, мен ұрыспаймын, мен бұрын айта алмай жүрдім. Рақметті сүйсең мен қуанам. Рақметке сәлем айт...»

Лиза басқасын оқымай столға отыра кетті.

Миша конвертін алып қайдан келгенін оқыды:

«Ленинград, Ғылым академиясы, академик Вознесенский».

Лиза орнынан тұрып, жүгіре жөнелді. Үрей! Ұшып Миша да түрегелді:

─ Лиза, қайда кеттіңіз?

Лиза жауап берген жоқ. Лизаның артынан Миша жүгірді. Лиза барактардың арасымен жүгіріп келе жатыр. Артынан Миша да келе жатыр.

Осы уақытта шахты құрылысы жайлы сөйлесіп, Рақметтің үйінде Анна отыр еді.

─ Бүгін бірінші барактың төбесі жабылмақшы, басында болуым керек — деді Анна.

─ Әлі даярлық жұмысы жүріп жатыр, оған дейін менің төсегімде демалып жата тұрсаң қайтеді? — деді Рақмет. Мұны мақұл деп Анна төсекке қисайды.

─ Лиза жөнінде әңгіме айтшы — деді Анна.

Рақметтің ойы басқа жақта:

─ Анна, менің бір проектім жоғалды. Москваға әлденеше жаздым, хабар жоқ. Соның кесіріне әнеукүні құйылма шыққан жаңа қолда болмай, ескісімен өтеп 50 ООО сом шығын болды... Кім алды екен оны? — деді Рақмет.

Лиза хатты көрсетіп, жараспақшы болып жүгіріп Рақметтің есігінің алдына келді. Есік ашық, сұраусыз кіріп барды, ішкі үйге кірді, төсекте жатқан Аннаны, оның басында отырған Рақметті көрді. Лиза қолындағы хатты алақанымен жұмарлап, еш сөз айтпастан қайтадан шықты да жүре берді. Жоқ жерден келіп қалғандықтан, онан соң мынадай күмәнді пікір туғызатын жағдайда отырғандықтан ә дегенде Рақмет сасып, еш нәрсе айта алмай қалды. Тек Лиза сыртқы есіктен шыққанда тұра жүгірді.

Лиза сыртқа шығып:

─ Миша! — деп айқайлады. Күтіп тұрған Мишаның қолтығынан алып жүре берді. Осы уақытта Рақмет далға шықты.

─ Лиза!

Бірақ Лиза есітпеді.

Біреудің қолтығында кетіп бара жатқан Лизаны көріп, Рақмет біраз тұрып қалды. Содан соң ішке кіріп, орындыққа отыра кетті.

─ Қазір бар, әйтпесе мен де барам — деді Анна.

Рақмет төмен қарап отырып:

─ Жоқ, өзім — ақ барамын... Миша дейді... Кулевакин ғой... — деп күрсінді.

Лиза мен Миша келе жатып бір барактың алдындағы скамейкаға отырды.

─ Не болып қалды, Лиза, түсіндірші — деді Миша. Лиза аяғын екінші аяғының үстіне қойып жатып:

─ Жоқ, әншейін — деді.

Миша қаупі кетейін деген соң:

─ Лизочка, жаңағыма жауап берші — деді.

Лиза басын кетерш алды да:

─ Не дейсің, Миша, сүйем деп айт дейсің бе? – деді.

Осыдан соң Рақметпен паркте құшақтасып отырғаны, содан орнынан тұрып жүгіріп кеткені, қайтып келіп сүйгені көзіне елестейді. Сөйтіп, өзі де сезбей орнынан тұрып кетеді, біраз жерге барып тұрып, қайтадан келді. Біраз қарап тұрып, Мишаның шашын сипады, сүйтеді де жай:

─ Миша, менің сүйетін адамым бар ғой. Ол тұрғанда басқаны сүйе алатын көрінбеймін — деді.

Онан соң біраз отырды:

─ Жаным, Миша, маған өкпелеме, менің қосылам деп қойған күйеуім бар – дейді.

Миша жалт қарады.

─ Я, ол мені қазір сүймей кетті, бірақ мен оны сүйем.

Сүйтеді де орнынан тұрып жүре береді. Миша да артынан жүреді. Алдағы бір скамейкаға барып тағы отырысады.

Лиза Мишаның мойнын бір қолымен құшақтап, екінші қолымен шашын сипап отырып:

─ Миша, екеуміз де комсомол мүшесіміз. Саналы адамдармыз. Сен мені сүймеді деп көзқарасыңды өзгертіп, өкпелеп жүрме. Комсомолецтердің арасында достық деген бар. Дос үшін, жалпы іс үшін басты құрбан қылушылық бар. Бұл бірі күйеуі, бірі әйелі болғандықтан шығатын қорытынды емес қой — дейді. Мишаның басын сипап отырды.

Осы уақытта үйдің артынан Рақмет келді де, шамның жарығында құшақтасып отырған екеуін көреді.

─ Түсіндім — дейді де, әдейі орағытып, Лизаның алдымен өтеді. Бірақ Лиза сөзге айналып отырып, байқамай қалады. Рақмет көрінбей кетіп қалған соң Миша:

─ Жаңағы Рақмет деген жігіт анада қалалық белсенділер жиналысында сөйлеген, опырмай, тіптен шешен екен – дейді.

─ Рақмет?

Лиза орнынан ұшып тұра келді.

─ Жаңағы Рақмет пе, өтіп бара жатқанда неге айтпадың, мен білмей қалдым ғой — деді.

Солай деді де үйіне қарай жүгіре берді.

Рақмет үйге келді. Келіп орындыққа отыра кетті.

Анна басын көтерді.

─ Не істедің, Рақмет?

Рақмет томсарып отыр. Жауап бермеді, оның орнына олай-бұлай кетті. Анна қайтадан басын жастыққа қойды. Бір уақытта Рақмет:

─ Менің Лизам, тек мені сүйген Лиза, біреуді құшақтап сүйіп отыр – деді.

... Лиза келіп төсегіне жатып қалды. Электр шамы жанып тұр. Бір уақытта телефон сылдырады. Лиза тұрып барып тыңдады. Телефон соғып тұрған Илья:

─ Қауіпті лавадан көмір шауып, Елемес бригадасын басып қалыпты...

Лиза жүгіріп ала жөнелді.

... Илья кабинетіне Әліп келді, Елеместердің десятнигі келді

Илья столды қойып қалды.

─ Сен қауіпті жерге неге жібересің, неге бақыламайсың? Сен жұмысшыларды қырайын деп жүрсің бе? Бұдан артық қылмыс бола ма?

Десятник үндемеді.

─ Қазірден бастап жұмыстан шығарып, сотқа берем! — деді Илья...

─ Мен жібергенім жоқ, өзі барды...

─ Неге бақыламайсың?

─ Өлген жоқ қой...

─ Саған өлтіру керек екен ғой, кет, көзіме көрінбе!

Асығып Лиза кіріп келді.

─ Жолдас Вознесенская, мен сізге естірте жариялаймын, жаңа келгеніңізді еске алам, түсіндіңіз бе? — деп қатты айтты Илья.

─ Түсіндім — деп Лиза шығып кетті.

Әліп Ильяның алдына келді.

─ Сенің мұның дұрыс емес, Лиза күні-түні жұмыс басында жүреді «бұған адам жіберуші болма», деп әбден тапсырып кеткен.

─ Білем — деді Илья — мен бұдан да гөрі сақ болсын деп жатқаным ғой...

Илья терезе жаққа қарады. Шамдары жылтылдап шахтерлер өтіп жатты. Гудок айқайлады. Илья терезені ашты. Жұлдыздар, көк аспан, жылтыраған оттар. Орнына келіп отырды. Терезе жақтан «Шымырбек» деген айқай шықты.

─ Сен одан да Лизаның учаскесін социалистік жарысқа шақыр — деді Илья.

Әліп орнынан бір қозғалып, аяғын созып жіберді.

─ Ол мені шақырып қойды — деді Әліп.

... Шахты астында сырылдап жүрген вагондар.

Лиза Ильядан шығып эстакат басына келген. Шамы менің қолымда, жоғарыдан төмен қарап тұр. Қабағы жабыңқы, үндемейді.

Лиза Донбасқа командировкаға баратын болды. Донбастың тәжірибесін алуға Қарағандының он екіншісі, екі инженері кетіп, оның бірі Лиза еді.

Лиза кетер алдында Рақметке барды. Бір көрмей кеткісі келмеді.

Рақмет ұйықтап жатыр екен. Лиза білдірмей құшақтап сүйіп-сүйіп алып, оятпай кетіп қалмақшы болды.

Барып Рақметтің басын сипап біраз отырды.

─ Жаным, жаным — деді ақырын ғана. Еңкейіп барып ернінен сүйіп алды, Рақмет оянып кетті. Лиза сасып, тұрып кетпекші болып еді Рақмет құшақтай алды.

─ Осы түсініспей жүргеніміз де жетер, мен енді сенсіз жүре алатын емеспін, Лиза...

Лиза Рақметтің төсіне басын қойып:

─ Не десең де мен даярмын, Рақмет – деді. Ертеңіне Лиза Донбасқа кетті. Өте тығыз жұмыстармен Рақмет Алматыға кетті. Екеуі де кайтып келген соң той жасап, қосылмақшы болды. Рақмет тойға шақырып, академикке телеграмма берді.

XV тарау

«Соның аты не еді?» — дейді өзінен-өзі.

Рақмет басқармада отырады.

Поезд күтіп, яки біреуді тосып отырғанында ойына әр нәрсе түсіп келеді. Әйтпесе осыдан 250 жыл бұрын туған атақты неміс композиторы Иоганн Себастьян Бахтың осы арада Рақметтің есіне түсіп несі бар? Бұл солай. Бірақ зерігіп тұрғанда ойына әр нәрсе түсіп келсе, көзің де әр нәрсеге түскісі келеді. Көп жағдайларда сен үшін тиындық маңызы жоқ нәрселерге де көңілің түседі де, ол барып ой туғызады.

Рақметтің көзі қабырғадағы ілулі тұрған газетке түсті. Ондағы бір мақаланың «Арық» деген басына түседі. Содан соң арықты не дейді, ағылшынша не дейді деп ойлады. «Немісше арықты Бах дейді — деп Рақмет терезеге қарады. «Бах, бах...» — дейді. Рақмет өзіне-өзі Коридорда аяғын мықтап басып біреу келе жатады. Келе жатқан адамның әрбір басқан қадамы «бах... бах» дегендей болады. «Арықтың немісше бах делінуі», адамның басқан қадамының «бах — бах» деп естілуі Рақметтің ойына еріксіз атақты композиторды түсірді. «Бах» дейді Рақмет. Сүйтеді де қалың ойға кетеді. Келе жатқан адам қадамының дыбысы да, «Арық» деген мақаласы бар газет те, стол үстінде тұрған гүл де Рақметтің ойынын құшағынан шығады. Ол тек композитор Бахпен болады.

«Соның аты кім еді» — дейді Рақмет өзіне — өзі.

─ Иоганн, Иоганн Бах...

Рақмет даусын шығарып айтып, көзін жұмады.

Сонда кенеттен бір жіңішке дауыс:

─ Иоганн Себастьян Бах — деді.

Рақмет селк ете түседі.

Есік жақта тұрған қызға көзі түседі. Қыздың ойнақшыған қара көздерінің көрінбейтін сәулесі, жігіттің кішкене арықтай ағып келе жататын өмірлік теңіздей толқытатын сәулесі, Рақметтің жүрегіне түскендей денесі ду ете түсіп, жүрегі дірілдеп кетеді. Өзінен-өзі ұялып, бұл әшейін күтпеген жерден шыққан дауыстан шошынғандық қой деп, Рақметтің ақталғысы келді.

Қыз кенет жағдайды өзгерткісі келгендей:

─ Сіз біреуді күтіп отырсыз ба? — дейді.

Рақмет басын шұлғиды.

Қыз.

─ Мұнда ешкім қалмапты ғой — дейді.

Сүйтеді де тез-тез басып шығып кетеді. Рақмет қызды көргісі келіп терезеге барып қарайды. Терезе артында қыз кетіп бара жатады.

Қыздың кішкентай денесі орыс композиторы музыкасындай жеп-жеңіл, әсем, үріп ауызға салғандай.

─ Тез жүгіріп бара жатыр, шынында композитордың музыкасы сияқты — дейді Рақмет.

Рақмет орнына келіп отырды.

─ Өзі қыз емес, музыка ғой — дейді тағы да Рақмет.

Рақметтің ойынан қыз кетпейді.

«Онда менің, не қақым бар, басқа ой ойланайын» — деп Рақмет қызды есіне түсіргісі келмеді. «Я, сонымен Бах... Ол жөнінде Бетховен не деген?.. Бах. «Бұл адам арық деп аталмай, мұхит теңізі болып аталуы керек еді деген Бетховен...». Бірақ ойынан қыз кетпейді.

Рақмет музыканы жақсы түсінеді. Ол құстай қанат қағып, шыңға шығып қалықтап, таудан, тастан ұшып өтіп жазықпен зымырап, көл жағасындағы қойларды үркітіп, жүректің еркін сарынды, құлашы кең, жазықты Бетховеннің музыкасын жақсы түсінеді. Ол тыңдамайды, ол көріп отырғандай болады.

Ол Рейн жағасындағы қара жұмыспен өскен қара шаруа қызындай өрескелдеу, Вагнер музыкасын да жақсы біледі.

Ол қиыннан қиыстырып, әрбір дыбысты терең ойлы музыканы біледі. Кей уақыттарда көрген бір уақиғасы, я адамы бір уақыттарда есіткен музыкасын еске түсірді «Мынау шын музыка екен» — дейді Рақмет.

Есік ашылды. Қолында қағазы бар бір жігіт кіреді.

Жігіт Рақметке қарамастан төрдегі орындыққа отырады.

Енді жігіт отырғанда Рақмет оның әдемі, талдырмаш тіп — тік денесін, қырын отырғандағы аққұба бетін, түзу мұрнын көреді. Жігіттің галстугіне, ақ көйлегіне, қатты жағасына шаң жұқпаған. Тек магазиннен жаңа ғана алып киген сияқты. «Таза жүректі жігіт екен-ау...» — деп Рақмет жігіттің қасына келді.

─ Жолдас, Зейнолланы білесіз бе? — дейді Рақмет.

Жігіт жалт қарайды да, біразға дейін көзін айырмайды. Қолына қонған шыбынды қағып жіберіп:

─ Ол бүгін командировкаға кетті — дейді.

Рақмет жігіттің даусын жақсы-ақ естіп тұрса да:

─ Қайда? — деп қайта сұрайды. Жігіт екінші рет айтқан соң, Рақметке Ленинградқа ең әдепкі барып түскендей сезімі пайда болады.

Зейнолла мен Рақмет детдомда бірге болған. Зейнолла детдомда жүргенде қабырға газетінде редактор болып, өлең жазып жүретін. Өлкенің комсомол газетінің тілшісі болатын. Екеуі техникумға түсіп, оны бітіріп шыққан соң Зейнолла газет жағына кетті. Алты ай аудандық газетте істеді де, алты айдан соң демалыс алып, Қызылорданың астана кезінде сонда барып, өлкелік газетте қалып қойды.

Техникумды бітірісімен — ақ Рақмет орын алып, Ленинград Тау-кен институтіне кетті. Одан бері ол Зейнолланы көрген жоқ. Оның қайда екенін білмейтін. Тек қыстыгүні Зейнолла сұрастырып жүріп, Рақметтің адресін тауып алып, хат жазыпты. Хатында жазда Алматыға кел деп шақырған.

Енді Қарағандыдан Алматыға келетін болған соң іштен қуанған. Крайкомда: жататын жерің бар ма деп сұрағанда «ол жағынан қам жемеңіз» — деп жауап берген. Сөйтіп, Крайкомнан шығысымен редакцияға келген.

Енді Зейнолла командировкаға кетті дегенді есіткен соң Рақмет далада қалғандай болды. Крайкомдағыларға «қам жемеңіздер» — деп қойған, енді қайтып бару бір түрлі ұят, оның үстіне қазір қызмет тарқады. Бұл арада баратын үй жоқ. Мүмкін таныстары табылып қалар, бірақ оларды қазір қайдан табасың...

... Осы жұрт епті — ақ. Жаңа бір адам Рақмет келгенде, Крайкомның адамы болып қонақ үйінің бастығымен сөйлесті.

«Москвадан келген Жаманшал ұлына бүгінше жататын орын бер» — деді. Қонақ үшін бастығы қиналғандай болып еді, жігіт бастырмалатып болмады, ақыры кешірді.. Рақмет таң қалып жігітке қарады...

─ Алматыда осылай жатақ үй таба алмайсың — деп күлді.

Рақмет жақтырмады... Крайкомның атын осылай қара бастық қамына пайдалануға бола ма? Әй, өзі шынымен өзгерген шығар деп ойлады...

Енді, міне, Рақмет қайда барарын білмейді. Кенет жігіт орнынан тұрды, шашын алақанымен бір сипады...

─ Қане, шықсақ қайтеді – деді.

Рақмет жігіттің артынан жүре берді. Екеуі көшеге түсіп жүре берді. Сөз қатпастан жұрт келе жатыр. «Өзі мен сияқты аз сөйлейтін адам ғой» — деп ойлады ішінен Рақмет.

«Бірақ менімен сөйлесетін мен оның несі едім, мені не қылсын» — деді тағы да ішінен...

Бір уақытта жігіт ойламаған жерден:

─ Зейнолла кіміңіз болады? – деді.

─ Жолдасым — деді сасыңқырап Рақмет.

«Менің сөйлемейді ғой» — дегенімді сезіп қойып, сұрап келе ме деген сөзім бойына сезінгендей болды.

Жігіт Рақметке қарады:

─ Жолдас, қай жерден келдіңіз?..

─ Қарағандыдан — деді Рақмет.

Біраз үндеспей жүрісті. Көшенің шаңын бұрқыратып екі машина өтті. Рақметтің құлағынан «Қарағанды» деген өз даусы кетпей қойды. Лиза есіне түсті. Өзінен — өзі астыңғы ернін тістеді. Бағанағы қыз есіне түсіп.

─ Танысып қояйық, атыңыз кім, мен биыл жаңадан дәрігерлік институттың аспирантурасын бітірдім, Ықылас Құлыбеков, газеттің қызметкеpi едім, қазір бір жағынан газетте істеп жүрмін — деді жігіт.

─ Тіптен жақсы, мен Рақмет Дәуір ұлымын.

Бұлар екі қабат үлкен үйге келді..

Екеуі де байқамастан сол үйге бұрылды... Есіктен кіре бергенде, маңдайшадағы «Ресторан» деген жазуды Рақметтің көзі шалып қалды.

Бұлар келіп түкпірден столға отырды. Адам аз екен. Тамақ тасушылар жиылып, әңгімелесіп отыр. Буфетші әйел бір нәрселерді есептеп жатыр. Ресторан қабырғалары суретке толған. Бәрі рамкелі, пейзаждар. Скрипка мен гармонь орыстың ескі халық салып жатыр. Бұлар келгенде тамақ тасушылар орындарынан тұра келді. Үндемей отыру қолайсыз болған соң Ықылас:

─ Мына бір сурет іштен жақсы сурет – деді.

Рақмет бұрылып қарады. Бұл cypeттi бұрын көрген. Бұл Англия суретшісінің картинасы.

─ Drang nach Osten — деді Рақмет.

Ықылас Рақметке таң қалған түрде қарады. Біраздан соң, қайтадан суретке қарады. Рақмет қызарып қалды. «Бекер айттым — ау, мақтанғандай» — деді ішінен.

─ Я, Drang nach Osten — Шығысқа көз тігу қазақшасы солай бола ма? — деді Ықылас.

Рақмет ойланбастан — ақ солай жауап берді.

─ Ағылшын тілін білесіз бе? — деді Ықылас.

─ Аздап...

Осыдан соң Рақметтің ойына Лизаның жалықпастан ағылшын тілін үйреткені есіне түсті. Көңіліне бір түрлі қуаныш пайда болды... «Лиза жөнінде айтсам қайтеді — деді ішінен. Бірақ айтпады. Әлі бір — бірімен үйреніскен жоқ.

─ Кішкене қызыл вино ішіп жіберейік — деді Ықылас. Рақмет үндеген жоқ. Ол өз сырын жақсы біледі. Рақмет аз сөйлейді. Онда ұялшақтық деген мінез бар. Сол ұялшақтық Рақметті жақсы танымайтын адамның алдында тартып, еркіне жібермей отырды. Ал Рақмет кішкене қызға оның ұялшақтығы қайнаған судан шыққан будай-ақ жоқ болып кетеді. Сөйтіп, Рақмет барлық сырын ақтарады. Ертеңіне есіне түсіп өзінен-өзі ұялады.

Екеуі екі рюмка қызыл вино ішті. Екіншісін ішіп болған соң, Рақметтің денесіне бір түрлі көңілділік пайда болды. Ол жататын үйдің жоқтығын да ұмытып кетті. Орамалын алып бетін сүртті. Ықыласқа қарап күлді. Ықылас төмен тартты.

Музыка Мусоргский музыкасын тартты...

─ Атақты Стасов Модест Петрович оны орыс композиторларының ең таланттысы деген ғой — деді Рақмет.

Қалың ойда отырған Ықылас:

─ Ә? — деді.

«Не деп сұраудың орнына Ықылас «Ә» деп сұрайды. Мұны Рақмет бер дегеннен сөзді.

─ Мен орыс музыкасының ойыны туралы айтып отырмын. Орыс композиторларының ішіне Балакиров — ең қызуы, Глинка — ең әсемі, Римский Корсаков — ең оқымыстысы, Бородин — ең тереңі, Мусоргский — ең таланттысы.

Рақмет қызып алды.

─ Мусоргский... үсті — басы жыртық, болып жүретін болған... атақты композитор Бородин, профессор Бородин қыдырып келем деген өзінің оқушыларына шинелін, киімін беріп, өзі жалаңаш қалады екен...

Рақмет сөзін тоқтатып төмен қарады. Ықыласқа Рақметтің сөзі ешқандай әсер етпегендей болды. Ықылас музыканттарға қарап тұрып:

─ Менің бір артистка қызым бар еді — деді. Рақмет басқасын тыңдаған жокқ

─ Мен арфа инструментін тіпті жек көремін — деді Рақмет — менімше, ол музыканың аспабы емес, сарынсыз дыбыс жинағы... Қалқып жүрген бос дыбыс, ешқандай сарын, сыр ырғақ деген жоқ, құр ыңқылдап, дөңбекшіп ыңырсиды... Жоғарылы — төменгі тартылған сызық сияқты... Бұл менің қызыңызды жамандағаным емес, ол кісіні көргенім де жоқ... Мен музыкант емеспін. Алам деп жүрген қызым музыканың түбін түсіреді. Содан үйренгенім ғой. Я... кешіріңіз... Бірақ маған арфа жақпайды... Кешіріңіз аздық қыз емес, арфа... — деді Рақмет.

Рақмет далаға шықты. Біраз жүрді тау ауасын еркін жұтты. Басынын айналғаны қойды. Менің «Мен жаңа не айттым?» — деді даусын шығарып, уақытта іштен шошынып кетті.

─ Апыр-ау, білгішсініп, көрмеген, оқымаған нәрсем жоқтай маңызданып, айтпағаным қалмапты — ау! Осы эгоист болып кетермін... Мен осы жуас емес пе едім, қап!.. «Бәсе, тіптен жуас емес пе едім? Енді бірінші рет көрген жолдас бір мылжың, мақтаншақ деп ойлап қалды-ау! Не деген масқарашылық! Ойбай-ау, инженерге көркемөнердің керегі не? Тіптен жатқан үлкен Франс Меринг... білмейтін жоқ, көркемөнердің энциклопедиясы болып отырам — ау... Инженер музыканың маманы емес қой... қап...

... Жуас инженері, коммунист мақтанның өзі көрсеткісі келген бос мылжыңдықтың жолына салып жіберген кім?.. Арақ па?..Қап...» Рақметтің ойына жататын үшінші жоқтығы тағы түсті... Көңіліне кішкентай қайғының көлеңкесі түссе, қамықсаң, екінші үстінде болсаң — ойына барлық сезетін жетіспей тұрған нәрсенің барлығы түсетін бар емес пе... Қуанышты болсаң, екі нәрсені елемей жүре бересің ғой... Кішкентай қамықсаң болғаны, барлығы жетіп келеді. Олар неге еске түседі? Тегінде қамығатын жағдайдың қуанышты, бақытты инженерде несі бар? Диалектика не дейді? Сан сапаға, сапа санға айналады... Осы қапалық жағдайлардың барлығы жиналып келіп Рақметтің сапасын өзгертіп жіберер ме екен... Жоқ, олай болмайды... Бұл қайшылық... Бұл қапалық, қуаныштың қапалығы... Қуаныш сәл кешіксе, қапалықтың жетіп келетіні бар емес пе? Бірақ бұл қапалық па екен? Бұл қапалық болмағанмен қуаныштың орнына келіп отырған жоқ па? Тегінде, қапалыққа Рақметтің жүрегінен орын жоқ». Ол қамықса — ол бойын қапалық басқандықтан емес, бұл тек сол қапалықтың келгенше ғана қамығу. Формальдық логика қате айтады. Сократ деген тек Сократ болады. Жоқ, дұрыс емес... Қуана білу деген сөз, жылай да білу деген сөз. Рақмет қуанышы үшін жылай да алады, басын да береді.

Сонда да Рақмет Ықластың алдында өзін көрсетіп қалғысы келген жоқ па осы? Солай-ау өзі. Сондықтан да, мені жеңгізген жоқ па? Ол айтады... Ондай мінезіңнің жоқтығын туғызады..

Рақмет жетіп келді.

─ Кешір Ықлас, мен түк білмеймін... Көркемөнермен үш қайнасам сорпам қосылмайды. Мен тек көмір инженерімін...

Ықлас төсіне қарады. Рақмет өз сөзінен өзі қорқып қалды: «Осы мен не айттым? Әбден бұлтардым — ау».

Ықлас орнынан тұрды.

─ Қане, жүр кетейік...

Есіктің алдына шыққанда Рақмет жағдайдың ауырлығын енді сезгендей болды.

«Енді қайда барады?..»

─ Рақмет, ешқайда барма, біздің үйге жүр, үй оңаша, әйелімнен басқа ешкім жоқ — деді Ықлас.

Екеуі жүріп келе жатыр. Рақмет енді тынышталайын деді. Еш нәрсені бүлдірмеген екенмін деді. Дос таптым деді, далаға қонбайтын болдым деді.

«Ақымактық екен. Өзінен – өзі қапалық сатып алып жүрген... Ұят мұның, Рақмет, романтик болып кетерсің... мұндай жағдайды қай романнан оқыдың, Рақмет?..»

Рақмет орындыққа отырды. Үйдің іші әдемілеп жиналған. Өрескел тұрған бір зат жоқ. Бәрі орнында. Шашау тұрған жоқ. Төрде қызыл кілем. Үйдің екі жағында екі кровать. Терезе ашық, таудан самал жел соғып тұр.

Түнгі салқында таудан соққан самал жел, шаршап келіп, әткеншек, алтыбақан тебу, таңертең тоңазыған соң оянып кетті, көрпені бүркене түсіп жататын ұйқы... Бұл үшеуі де шешесінің денесін ерекше балқытады...

Бір уақытта Ықлас:

─ Дәмелі — деп айқай салды. Үйге бір әйел келді.

─ Танысыңыз, мынау менің әйелім Дәмелі, жақында үйлендік.

Рақметтің алдында бағана редакцияда көрген әдемі қыз тұр еді.

XVI тарау

Рақмет кеткенше Ықластың үйінде тұратын болды. Неге екенін қайдам, Рақметтің Дәмеліге қарағысы келеді де тұрады. Дәмелімен бақшаға барғысы келеді.

Рақметтің ойында ештеңе жоқ. Тек бақшада скамейкада үндеместен қатарласып отырсам, деп ойлады.

Рақмет ақкөңіл жігіт қой. Бір күні Ықлас бір тығыз жұмыс істеп жатқанда — Дәмелі бақшаға барайық – деді Рақмет. Мені Дәмелі Ықласты өте жақсы көреді. Көрмесе отыра алмайды. Ықлас үйде жұмыс істеп отырғанда Дәмелі қасына келіп отырды. Екеуі де бір — біріне тесіле қарасады. Бір уақытта Дәмелі бақытты, қуанышы койнына сыймай Ықластың мойнынан асылып құшақтайды...

─ Қалқам, мен сен үшін туғанмын — дейді Дәмелі.

Бұл — Дәмелінің шыны, бұған Ықлас та сенеді.

Дәмеліге Ықласты сүюдің қызуы еш уақытта басылмайтын сияқты. Күніне түсте перерыв уақытында келіп, Ықлас Дәмеліні құшақтап, біраз басын сипап отырып, сүйіп кетпесе, Дәмелінің көнші кеңімейді.

Дәмелі Лиза сияқты мінсіз, аса сұлу емес. Бірақ адам баласында сирек ұшырайтын бір ерекше сүйкімділік Дәмеліде бар.

Дәмелінің бетіне қарағанда аппақ бет, қыр мұрын, оймақ ауыз көрмейсің, жүрек қытықтайтын, теңіздей шалқыған бір қуанышты сыр, сәуле көргендей боласың... Бір аса нәзік, әдемі музыка есіткендей боласың...

Рақмет қуанышты сүйеді. Бір шоқ гүлдей шешек атып, өмірге көрік беріп тұрған қуаныштан тек көз айырмай қарап отырсам дейді. Рақмет, Дәмелі Рақметтің бақшаға барайық деген сөзін қайтарған жоқ, кешке екеуі барып, бір қараңғы жердегі скамейкаға отырды.

Рақмет сөз қатқан жоқ, жас баладай ешқандай уайымсыз қуаныштың қасында отырғанын, әсем түрде демалып, жайнап отырғанын сезіп, соған риза болып отыра берді.

Тек әлден уақытта Рақмет:

─ Қуаныш деген не екен? – деді.

─ Бері қара — деді Дәмелі — қуаныш мына менің көзім...

Рақмет абайсызда жүрегінің соғып, денесінің шымырлап кеткенін өзі сезбей қалды. Рақмет бір нәрсенің боларын сезді де, одан қашып үндеместен орнынан тұрып жүре берді..

Үйге кірісімен есіктен кіріп Дәмелі жүгіріп барып күйеуінің мойнынан құшақтай алды.

─ Кішкене сені көрмегенге сағынып қалдым ғой — деді Дәмелі сүйіп жатып.

Ертеңіне Дәмелінің өзі Рақметке бақшаға барайық деді. Рақмет қолым тимейді дейін деп еді, жүрегі алып-ұшып, ондай сөзді айтқызбақ түгіл, ойландырмады да.

─ Мен өзім соны сізден сұрайын деп тұр едім — деді Рақмет.

─ Өзің сұрасаң мен бармаймын.

─ Енді қайттым, ойбай-ау.

─ Өзім сұранып барам...

Екеуі тағы кешегі жерге барып отырды. Біраз уақыт өткеннен кейін Дәмелі Рақметке қарап күлімсіреді.

Рақмет жақындай түсті. Дәмелінің көзі оттай жанды. Дәмелінің ыстық көкірегі бір көтеріліп, бір басылады.

─ Шіркін — ай, гүл сияқты ертелі-кеш қолға ұстап отыратын адамсың — ау!

Дәмелі сықылықтап кеп күлді.

Баяғы таудан — тасқа ор қояндай күліп секіретін. Дәмелінің кіршіксіз табиғи қуанышын, баладай ақкөңіл, таза жандығын, сонымен қатар өте қызу жастығын, денінің саулығына, өзінің ерекше көркем екендігіне сенімдігін көрсететін күліп.

Бұл баяғы өзімізге таныс Дәмелі ғой.

Рақмет шыдап тұра алмады.

─ Дәмелі, қуанышыңнан кішкене маған берші, күліп шыққан аузыңнан бір сүйейін бе? Ит болайын, ойымда арамдық жоқ...

─ Ол қуаныштың иесі бар ғой... Кім көрінгенге сүйгізе бере ме екен? — деді Дәмелі.

Рақмет үндеген жоқ... Жүрегі аласұрып қатты соғып кетті. Лиза есінеп. Дәмелі Рақметтің көңілін қалдырып қойдым ғой деп қолын мойнына салды.

Бірақ Рақмет көңілі қалып, ұялып отыр еді. Ол өзін — өзі зорға ұстап отыр емес пе еді? Ернінен тістеп сүйді де алды. Дәмелі Рақметті салып қалды да, атып кетті.

Рақметтің шапкесі жерге түсіп кетіп, соны біраз іздеді.

─ Дәмелі! Дәмелі!

Дәмелі сол күйінде жоқ.. Рақмет бақшаның ішін әлденеше рет аралады. Таба алмай қойды. Сағат 12-де үйге келсе, Дәмелі келіп ұйықтап жатыр екен.

Екі-үш күннен кейін Ықлас Қырғызға командировкаға кетті. Рақмет пен Дәмелі оңаша қалып мені қойды. Рақмет жұмысын бітіріп келген соң екеуі киноға барады, бақшада қыдырады. Бір күні бақшада жүріп Рақмет Дәмеліні көре алмаса тұра алмайтынын айтты.

─ Дәмелі, менің жүрегім жанып барады — деді Рақмет.

─ Саған керек мынау ғой — Дәмелі ернін тосты.

Кешке үйде отырғанда, Дәмелі жылап жіберді.

─ Мен Ықласты шын сүйем, мен оған өзгере алмаймын.

Осыдан соң Рақмет екі күндей келмей, басқа жолдасының үйінде қонып жүрді. Үшінші күні Рақмет келгенде, Дәмелі шешініп төсегінде жатыр екен. Көрпені сырып Дәмелі кеудесін жалаңаштады. Екі көйлегінің иығы қолының үстіне түсіп, көйлек төмен сырылған. Төңкерілген кеседей екі алманың арасындағы сызықша көрініп тұр.

─ Бері келші! — деді Дәмелі Рақметке.

Рақмет келіп төсекке отыра бергенде, Дәмелі құшақтап сүйіп-сүйіп алды.

─ Рақмет, есікті жауып келсең қайтеді? — деді Дәмелі.

XVII тарау

Бір айдан кейін Рақмет жұмысын бітіріп Қарағандыға қайтты. Лиза әлі Донбастан қайтпаған екен. Академиктен тойға әдейі келетінін білдірген хат келіп жатыр екен.

Бір күндері Лиза келді. Енді екі-үш күнде той болады деп тұрғанда, Рақмет Алматыдан хат алды. Хатты жазған Дәмелі екен, Рақмет ештеңе сезбей ашып оқи бастады.

«Жаным Рақмет, сен де, мен де үлкен қателік істеп едік. Жастық паркі кімді отқа салмайды. Бірақ үлкен бақытсыздыққа ұшырадым. Ішімде екі айлық балам бар. Сенің еш нәрсең кеткен жоқ. Бірақ мен дүниедегі ең қарабет болдым».

Рақметтің қолынан хат түсіп кетті.

Қолы, барлық денесі дірілдеп, қалшылдап төсекке зорға жетті. Жүрегі суылдап жастыққа басын тығып жатып алды. Лизадан айрылдың, адамшылықтан, коммунистіктен айрылдың деген ой орнынан атып тұрғызды.

─ Ойпырмай енді қайттым?

─ Лағнет саған, Рақмет, лағнет! Ел-жұртқа қалай көрінесің...

Рақмет төсекке қайтадан құлады. Барлық айып өзінде екенін, өз бақытын өзі қорлап жүргенін ептеп сезе бастады. Енді қайту керек? Ықлас Рақметке сеніп, үйіне тастап кеткенде, мынадай сұмдық істеп қойды, ойпырм — ай, Ықласқа, жұртқа не дейді? Бәрінен де Ықлас Дәмеліні ішіндегі баласымен қуып жіберсе, жұрт Рақметке лағнет айтпай ма, Рақмет біреудің әп-әдемі махаббатын бұзып, қаңғыртып қалай тірі жүре алады... Рақмет — ау не істедің, енді қайтесің... Қылмыс істеген жоқсың ба? Лизаны да, Дәмеліні де бақытсыз еткен жоқсың ба? Лизаға не бетіңді айтасың? Ертең тойына келетін академикке не бетіңді айтасың? Масқара болған жоқсың ба?!.

Рақмет көп ойланып, Дәмеліні алмақшы болды. Лизасыз жүре алмайтынын сезді. «Ықлас тастаса, Менің де тастауым айуандық болар еді. Сүйгеніме, Лизама қосыла алмай, бақытсыз етейін, бірақ адамшылығымды жоймаймын» — деді. Екі күннен кейін үйленетінін біліп, Дәмеліге хат жазды.

Донбастан Лиза келді. Үйіне келіп түспестен, тура Рақметке келді. Рақмет төсекте қисайып жатқан екен. Лиза чемоданын есік аузына қоя салып Рақметке тұра ұмтылды. Бірақ бұрынғы Рақмет жоқ... қолынан қысып амандасты да қойды, Лиза құшақтап сүйейін деп еді, ернін алып қашты, Лиза сұстиып тұрып қалды.

─ Саған не болған, Рақмет? Жаным, қалқам, саған не болды?

XVIII тарау

Бірақ Рақмет Лизамен жолығудың ебін таба алмай жүрді. Соңғы уақытта Лизаның Шербак деген инженермен жүргенін көріп, тіпті үйде отыра алмайтын болды. Бір күні сағат 10-нан 12-ге дейін Лизаның терезесінің алдындағы бір скамейкада отырды да қойды. Сағат 12-ден асқанда инженер Шербак пен Лиза келді. Лиза қуанышты. Шербактың қолтығынан ұстап, жайдары сөздер айтып мәз болып келе жатыр. Рақмет қараңғыда бүрісіп, қарап отыр. Шербак пен Лиза үйге кіріп кетті. Лизаның терезесінен шам жарығы түсті. Рақмет терезенің шторын жауып қояма деп қорқып отыр. Бірақ Лиза жапқан жоқ. Рақмет көріп отыра берді. Шербак столға отырды. Лиза туфлиін, шұлығын шешті. Сонан соң сырт киімін шешті. Жүгіріп барды да столда отырған Шербактың мойнынан құшақтап, сүйіп-сүйіп алды. Рақметтің ыстық жүрегі мұз болып, көкірегі қарс айрылып кеткендей болды. Не болғанын білмей те қарады. Рақмет қайтып қарағанда Шербак үйдің ортасында Лизаны құшақтап сүйіп тұр екен. Лиза ернін тосып, болпылдап, Шербактың қолында жансыз жатыр. Рақмет тағы теріс қарады. Жүрегі шапқан аттай тулады. Орнынан тұрып, терезеге қарап еді Шербак Лизаны құшақтап кроватьқа алып бара жатыр екен. Рақмет отыра кетті. Ес-түсінен айрылып көзін жұмды. Селк етіп көзін ашып алғанда, Лизаның үйінде шам сөніп қалған екен. Рақмет орнынан қарғып тұрып, қаланың шетіне қарай жүгіріп ала жөнелді. Түнімен сандалып, көп молалардың ішін аралап жүрді де қойды.

Екі күн өткенен кейін Лиза мен Шербакты Рақмет клубта сыртынан көріп қалды. Елемейін деп еді болмады, жүрегі езіліп, тіптен қайғыланып кетті. Лиза мен Шербак клубтан шыққанда артынан еріп Рақмет те шықты.

Қараңғы жұлдызды түнде Лиза мен Шербак бір адамдай бірігіп құшақтасып келеді. Артында көрінер-көрінбес болып көз жазбай Рақмет келе жатыр. Шербак пен Лиза Шербактың үйіне келіп есігінің алдындағы скамейкеге отырысты. Рақмет қарсыдағы үйдің бұрышында жасырынып тұра қалды.

─ Лизочка, енді осы алдағаның да жетер, енді алдай алмайсың — деді Шербак қыза сөйлеп, орнынан тұрып.

─ Алдамағанда не етпекпін енді?

─ Жүр, үйге кіреміз. Бес-ақ минут қой, еш нәрсең кетпейді.

─ Қой, шырағым.

─ Сен қусың, Лиза, әдейі менің қанымды қыздырып құтыртып жүрсің. Сен неге алдайсың? Әнеукүні біз шамды жана ғана өшіре бергенде қызметкер әйел келіп есікті қақты, оған шам сөнгенде келе ғой деп айтып қойғансың ғой... Мен сонда жынды болып кете жаздадым. Сол алдағаның жетер енді, жүр үйге...

─ Қой, Петр... Менің сүйген адамым бар, мен оған еш уақытта да өзгерген емеспін.

─ Жастық деген болмай ма, Лиза сенің қаның неге қызбайды?..

Шербак Лизаны құшақтай алып, қысып — қысып сүйіп алды... Лиза бұлқынып еді, шыға алмады.

─ Қоя бер деймін, қоясың ба, жоқ па?

─ Жүр, Лиза, үйге!

Шербак Лизаны үйге қарай сүйрей бастады.

─ Қой, деймін.

─ Лиза, Лиза, Лиза.

Шербак Лизаны құшақтап, өте қатты — қатты сүйіп алды...

─ Жүр, Лиза, мына жүрегімді қарашы...

─ Ойпырмай, Рақметтің көзіне қалай шөп салайын.

Лиза бұлқынды, Шербак сүйрелеп өз есігінің алдына алып барды.

─ Қоя берші, Петр...

─ Жоқ, өлтірмесең қоя бермеймін.

─ Уһ, енді қайттым, ойбай, жаным, айналайын, болмайды ғой...

─ Болдырамыз...

─ Құдай-ай, Рақметке не бетімді айттым.

Шербак тағы сүйіп-сүйіп алды. Үйге қарай сүйрей ала жөнелді.

─ Петр, Петр, Петька, жаным, сәл тұра тұршы.

Шербак сәл тоқтады. Ентігіп демін алып тұр.

─ Кәне, жүр, Лизочка. Ләззаттан неге қашасың?

─ Тұра тұршы кішкене ойпырм — ай, басым айналып бара жатыр ғой, дірілдеп барам ғой... Жаным, сәл тұра тұршы...

Шербак Лизаның бері бұрылғанын сезейін деді моментті пайдаланып, қыздыра түсейін деп құшақтап бауырына қысты...

─ Тұра тұршы... Ойпырм — ай, Рақметке не бетімді айтам.

Шербак құшақтап үйге қарай сүйрей бастады.

Лиза есіктің тұтқасынан ұстап тырысып тұр. Шербак ішке қарай тартады. Лиза тұтқаны жібермейді. Бір уақытта Лизаның көзі жайнап, ойнақшып, беті қызарып кетті де:

─ Ал болмаса — деп тұтқаны қоя беріп — ақ жіберді. Есірген Шербак құшақтай ала жөнелді.

─ Құдай ұрды! — деді Рақмет өзінен — өзі, кейін қарай салбырап кете берді. Бір мезгілде Рақмет өзі де сезбей, артына бұрылды да, жүгіріп Шербактың үйіне келіп есігін теуіп кеп жiбepдi. Есік жапырылып сынды да қалды. Рақмет ішке кіріп келді. Лиза қолына көсеу алып үйдің ортасында тұр. Шербак аузы-мұрнынан қан ағып төсектің үстінде жатыр.

─ Сұлу қыз, сен де солай ма едің? — деді Рақмет тесіле қарап... Лиза қолындағы көсеуін тастап жіберді.

─ Мен сенен сырымды жасырмаймын, Рақмет, мен де жас емеспін бе, көңілімнің сәл бұрылғаны рас... Бірақ ештеңе болған жоқ, қайта көрмейсің бе не болғанын? — деді Лиза.

─ Мақұл, бұл жолы осылай болған шығар... ал әнеукүнгі шамды сөндіргеніңді қайда қоясың?

─ Мен саған, Рақмет, сенің отырғаныңды көріп, әдейі жүрегіңде қызғаныш туғызайын деп істедім. Қызметкер әйелге шамды өшіре бергенде есікті қақ деп қойғам. Әйтпесе терезенің шторын жаппас па едім.

Рақмет мұны жақсы білсе де, сыр білдіргісі келмеді. Оның үстіне қызғаныштық сезім бойына сыймай, жарылып кетейін деп тұр.

─ Қош бол! — деп Рақмет шыға жөнелді.

─ Рақмет, Рақмет, жаным, жаным, тоқташы...

Лиза артынан тұра жүгірді.

Рақмет бұрылып қарады.

─ Жаңа Шербакты да «жаным» деп жатыр едің ғой.

Лиза сұп-сұр болып кетті.

─ Рақмет, біреудің қатынын айналдырып, алам деп жақындасып, жүкті қылғаныңда мен сенің бетіңе қарап па едім, сен жазықсыз мені осынша қаралауға қандай қақың бар еді? Сенсең сенен басқа ешкімді де шын жүрегіммен жаным деп айтқан емеспін...

Рақмет Лизаға жақындады. Жасқа толған үлкен қара көздеріне қадалып, төске қарады... Сөйтіп, шығып жүре берді.. Артынан Лиза ерді. Екеуі Лиза үйінің есігінің алдына келді. Рақмет қолдарын Лизаның иығына салып, көзіне қадала қарап тұрып":

─ Шербакқа тосып сүйгізе — сүйгізе тоздырған еріндеріңді енді Рақмет сүйе алмас — деп бұрылып кете берді.

Лиза орнынан қозғала алмай, тастай қатты да қалды.

Рақмет қарасын үзіп кетіп қалғанда, өксіп — өксіп жылап жіберді.

Рақмет ашу үстінде айтарын айтып салса да, артынан өкініп, түн ортасына дейін тыныштық көрмей, дөңбекшумен болды. «Қап, бекер айтқан екенмін» — деп Лизасына жаны ашып та алды... Түн ортасы ауа тұрып киінді де, таң атқанша шыдай алмай, Лизаның үйіне барды.

Қызметкер әйел шығып:

─ Түнде жылап — жылап кетіп қалған, қайтып келген жоқ – деді.

Рақмет қабырғаға сүйенген күйінде қалды. Бар денесінен жан кетіп, қозғалмай қалғандай болды.

XIX тарау

Қарағандыға Лизалардың тойына әдейілеп академик келді. Қызын құшақтап сүйіп жатып:

─ Әдейі тойларыңа келдім — деді академик.

─ Оны қайдан білдің? — деді Лиза.

─ Рақмет телеграмма берген. Академик шешініп столға отырды.

─ Рақмет қайда, Лиза?

Лиза үндемейді.

─ Мен саған айтам, Лиза, Рақмет қайда? Лиза төмен қарап жауап бермей қойды.

Ықлас Ырғыздан қайтқан соң командировка алып, үйімен кейін Қарағанды келді, Келісімен Ықлас Рақметті тауып алып, шүйіркелесті де қалды.

Рақметтің жүрегі суылдап тұра алмады.

«Сен айуан екенсің ғой, сені дос деп жүрсем» — деп айтып салады ғой деп төбе шашы тік тұрды.

─ Дәмелі жүкті, я... жақында бір баланың папасы болуға тұрмыз... Әй, Рақмет, өмірдің қызығы үйленуде екен. Тез үйлен.

Рақмет қызарып тұр... бірақ сыр білдірмей тұр.

Ықлас қоймай жүріп, Рақметті үйіне алып барды...

─ Жақында балам болады... Рақмет, сен де қалыспауың керек! — деді Ықлас үйінде.

Рақмет отыра алмады. менің кетерде оңашалап Дәмелі: — Сен мені масқаралап, өмірде кетпейтін таңбалағаныңмен тұрмай, байымнан ажыратып алам дегенің не? — деді.

Рақмет ештеңе айта алмай булығып қалды.

─ Кешіp, Дәмелі, саған жаманшылық ойлау менің ойымда жоқ еді, — деді Рақмет.

Рақмет Ықластан шығысымен Лизаға барды.

Есікті тықылдатып еді.

─ Кіріңіз – деді бір еркек дауыс, Рақмет ашып қалды. Ауызғы үйде академик отыр екен. Жүгіріп барып құшақтай алды.

Академик Рақметке қадала қарап тұрып:

─ Мына Лиза не дейді, қарағым? — деді.

─ Лиза әшейін ойнап отырған ғой, енді жасаймыз...

Лиза орнынан тұрды.

─ Мен күйеуге шыққаным жоқ, шықпаймын да. Жасаса тойды Рақмет өзінің қатынына жасар. Онда менің не шаруам бар...

Рақмет қызарып сасып қалды.

─ Менің ешқандай балам да, әйелім де жоқ... Менің балам да, әйелім де, әкем де, шешем де сен емессің бе?

─ Рақмет! Бірін — бірі жақсы көретін екі адамның махаббатын уландырып бұздың. Ол екеуі енді бір — бірін алдаумен өмір сүреді. Сен осы қылмысыңды сезесің бе? — деді Лиза.

─ Неге сезбейін, осы қылмыс менің түбіме жетіп, жер бетінен жұлып кететін түрі бар — деді Рақмет.

Рақмет орнынан тұрды.

─ Мен сендерге түсінбеймін — деді академик.

Рақмет шығып жүре берді.

─ Рақмет, не түбіме жетеді дейсің, Рақмет — ау? Рақмет! Тоқта, Рақмет!

Лиза жүгіріп далаға шықты. Бірақ Рақмет қарамай кетті де қалды.

Үш күннен кейін академик Ленинградқа қайтты. Станцияға Лиза, Рақмет шығарып салды. Академик Рақмет оңашалап шығарып алып, маңдайынан сүйіп тұрып:

─ Әлі — ақ Лизаның ашуы басылып, кетеді, қам жеме – деді.

XXI тарау

Керілген, мұнарланған далаға төнген мөлдір көк аспан. Сонау бел астында жаңа шахта құрылысы жатыр. Бәрінен биік болып шахтаның бетонды үйі тұр. Ең төбесінде түтін шығатын тұрбасында үш адам жүр. Алыстан қуыршақ құсап көрінді. Түбінде, жерде Рақмет, Алексей, Шектібай, Ермолин, Кулевакин, техниктер тұр. Рақметтің қолында блокноты, далаға қарап қалың ойда. Шектібай тыпыршып шыдай алмай тұрған пішінде:

─ Енді қайттік Рақмет, жұмысты тоқтаттық па? — деді Шектібай.

Рақмет жалт қарады, қарап тұрып, блокнотын қалтасына салды.

─ Неге? — деді Рақмет.

Десятник Рақметке жақындай түсті. Трактордың дүркірегені, айғай... сөз, у-шу, жай айтылған сөзді есіткізбейді.

─ Жұмысшылар істемейміз дейді, жерден шыққан газ тіпті күшті. Екі адам ел алдында, оған өлем деп түспесе, тірі шығам деп ешкім түспейді — деді десятник.

─ Неге! — деді тағы да Рақмет. Онан соң қабырғаға сүйенді. Жылқыбайларға қарады.

Кулевакин:

─ Мен анализ жасадым, Трестің өкімімін. Жұмысты тоқтату керек, вентиляторды күшейту керек, газ құрыған соң істеу керек — деді Кулевакин.

Шектібай ашулы дауыспен:

─ О не дегенің? Онсыз да зиян аз емес! — деп айқай салды.

Рақметтің ойы бөлініп кетті.

─ Мінеки, аппаратпен қаруланып істеуге болады. Препаратормен істеу керек. Перемичка жасау керек.

─ Газ екінші квершлактың ең төменгі горизонтында — деді Ермолин.

Техник теріс қарады. Алексей келді.

─ Қане, Рақмет, не дейсің?

─ Перапаратормен қарулану керек, астындағы гаризонтта перемичка жасау керек, жұмысты тоқтатуға болмайды — деді Рақмет.

Техник үмітсіз түрмен: менің — Жұмысшылар бармайды, бетоншылар да, пароды тасушылар да – деді.

─ Дұрыс емес — деді Алексей — бір минут те жұмысты тоқтауға болмайды. Шығатын адам табылады.

─ Әрине, кідіртуге болмайды, төменгі горизонттың ен соңғы пластасын ашып, барлық механизмін қондыруға бірнеше — ақ ай қалды — деді Шектібай. Жүгіріп Аркаша келді. Техник әлі кіргісі келмей тұр.

─ Түскен адамдар құлап жатыр, жұмысшылардың бәрі далаға шықты.

─ Трест жұмысты тоқтатуға бұйырды. Құр керегі жоқ. Сенен артық білген адамдар бар — деді Кулевакин.

─ Трест олай демейді керек десең шахты құратын трест емес, мен — деп жерді теуіп қалды Алексей.

Аркаша мақтанған түрде:

─ Біздің бригада ерікті түрде түсіп істейміз деп отыр – деді.

Техник ала көзімен қарады.

... Партком хатшысы кабинетінде барлық коммунистерін жинады. Шектібай да, Рақмет те, Ермолин де отыр.

─ Жағдай, көріп отырсыздар, тіптен қиын, проходкада жұмыс істеу аса қауіпті. Бірақ жұмысты тоқтатып қоя алмаймыз ғой. Кейінгі қалалық комитеттің қаулысын оқыдыңдар... Қане, проходкада істеуге өз еріктерімен кім барады — деді Алексей.

Коммунистердің барлығы да қолдарын көтерді. Шетте отырған Қайдар орнынан тұра келді:

─ Жолдас Алексей, біздің қайсымызды қиыншылықтан қашады деп ойлайсыз, одан да өзіңіз таңдап жіберіңіз — деді.

Алексей орнынан тұрып:

─ Бәріңе бірдей орын жоқ! — деп күлді.

Қайдардың қасында отырған сақалды:

─ Шахты үшін бас берудің өзі құрмет болды-ау — деп күлді. Шектібай артына бұрылып қарап:

─ Әрине, солай — деді.

Алексей қарындашпен столды тақылдатты.