Ормандағы арман — Тойда естіген әңгіме

Автор: Спандияр Көбей

Тойда естіген әңгіме

Сауытбайдың тойына көп адам жиналыпты. Бәшең аулындағы, кедей де болса, бас көтерген адамдардың бірі — менің әкем болғандықтан оны да ортадағы үлкен ақ 1-е түсірді. Біз үйге кірсек, жұрт лық толып, қымыз ішіп екен. Ақсақал, қарасақалдың алуан-алуан түрі осы үйде. Төрде мес қарын, доп-домалақ қара бұжыр біреу отыр. Бұл — Тыржық деген бай екен сәлде киген біреу отыр — ол молда болып шықты.

Бірақ жиын бір ғана адамның аузына қарап отырған сипаты. Ол — орысша киінген ақ құба, шоқша қара сақалы бар, орта бойлы адам. Бұл — Ыбырай Алтынсарин екен.

Біз келіп отырғанда, балаларды орысша оқыту, мектеп салу туралы әңгіме болып жатты. Әңгімені қозғап, осы ауылдың «адам қараларына» ауыр-ауыр сөз тастап отырған Ыбырай еді. Ыбырайдың сөзінен кейін жұрт біраз тым-тырыс отырып қалды. Тыныштықты есік жақта отырған бір жұпыны киімді адам бұзып, Сауытбайға қарап сөйлеп кетті. Артынан естісем, бұл сол ауылдағы Абұйыр деген бір өткір, еті тірі, кедей шаруа екен.

— Сауытбай, тойыңның үстіне келіппіз. Енді осы жақсылықтың ақырын баянды етуді көздеуіміз керек. Бұл сенің өз қолыңда сияқты. «Бітер істің басына, жақсы келер қасына» дегендей, аулыңа еліміздің бірегей ардагері Ыбырай келіпті. Бұл кісінің бұйымтайын естідік. Өзі үшін емес, ел үшін қолқа сап отыр. Обаған болысынын, әлді, бай-мырзалары бірігіп, бір мектеп салатын болсын. Сөйтіп, ауыл ортасынан екі жылдық мектеп ашып, балалар орысша оқытылатын болсын, дейді бұл кісі. Кәне, не айтасыңдар?

Жұрт тағы да біраз үнсіз отырып қалды.

— Ей, Сауытбай, ей Сандыбай! Неге үндемейсіңдер? — деді әлгі жігіт. Арғы ата-бабаларыңнан бері қарай уызыңнан арылмаған ұрпақ едің, болыс та, би де сен едің. Бірақ сол байлықтан тапқаның не? Қай атаң қандай мұра қалдырды? Тілемістен туған Сауытбай, Сандыбай, Дәндібай, әрқайсың мыңнан-мыңнан жылқы айдап отырсың. Сол қыруар малды ақыретке айдап кете алмассыңдар. Мына жұрт Ыбекеңнің сөзін мақұлдайтын сияқты. Ендеше сол халықтың қаражатын жина, мектеп салғызуға бас бол, үлес қос дегелі отырмын,— деп сөзін аяқтады.

— Дұрыс сөз.

— Хақ сөз,— деді төменнен орын алып отырысқан бір-екі ақсақал

Басы молда, Тыржық болып төрде отырғандар тосырқап қалды. Олар жағынан ешкім тіс жарып, тіл қатпады.

— Иә, алла тағалы уәтәбәрәкә,— деп тек молда ғана есінеп қойды.

Қымыздан кейін жұрт сыртқа шықты. Ауыл сыртында тойға келген жұрт тегіс бас қосқан жиылыс болды. Ыбырай Алтынсарин сөз сөйледі. Ол езінің сөзінде ғылым да, өнер-білім де орыс жұртында. Біз ғана сол ғылым, сол өнер-білімнен құралақан қалып келеміз. Бұған ең алдымен өзіміз кінәлі. Өйткені өзіміз талпынып, өзіміз әрекеттенбесек, бізді ескеріп, қамқор болар әкім жоқ. Заман өнерлі, білімді болуды талап етеді. Сауатсыз қараңғы ел озық ел деп саналмайды. Өткенге өкінуіміз пайдасыз. Өнер жастан шығады деген екен үлкендер, ендігі жерде сол жас өренді оқыту керек, оқытқанда орысша оқыту керек. Біз бүгінгі таңда әуелі екі жылдық ауыл мектебін ашуды ғана көздеп отырмыз. Өйтпеске амалымыз жоқ. Төрт жылдық мектепке сабақ беретін оқытушыларымыз жетіспейді, қазір оған оқушыларымыз да жоқ. Сондықтан төрт жылдық мектеп таяудағы келешектің мәселесі. Екі-үш жылдан кейін болыс-болыс ел орталарынан төрт жылдық мектеп ашпақшымыз. Мұның үшін ең алдымен мектеп үйлерін салып алуымыз керек. Ауылдық мектеп — мектеп үйі салынған ауылда ғана ашылады. Мектеп ашуға бүкіл ел болып ат салысуымыз керек.

Ыбырайдың сөзінен соң, жұрт азды-көпті пікір алысты да, екі жылдық ауылдық мектеп үшін үй салынсын деген тоқтамға келді. Халықтан мал, қаржы жинайтын, мектеп үйін салғызатын Сауытбай болды. Бірақ бір қатар байлар, ең алдымен молда, балаларды мұсылманша оқыту керек десті. Бұған Ыбырай: «Балаларың алдымен білім беретін пәндерді оқиды, орыс тілін үйренеді, сонымен бірге, мұсылман дінін де оқитын болады»,— деп жауап қайырды. Жиын тарауға айналды. Бір топ адам жиылыстан бөлініп, ездерінің отырған үйлеріне қарай кетті.

Ас жеп болғаннан кейін, жұрт тарай бастады. Ауыл ақсақалдары адамдарын жинап аттанысты. Сонымен той тарқатар күрес те, бәйгі де болмады. Дегенмен бірқатар ел мектеп ашылатын болды, деп қуана аттанды.