Ормандағы арман — Молда алдында
Автор: Спандияр Көбей
Молда алдында
Сауытбай елден жинап алған қаржы, малды шығарып, мектеп үшін үй салдыруды кешіктіре берді. Сөйтіп жүргенде оның, туысы — Сандыбай молда жалдап, ауыл балаларын мұсылманша оқытуға кірісті. Әрине, байлар үшін мұсылманша оқу пайдалы еді. Екі жылдық мектеп салынбай МАЛЫ, оқытқысы келіп жүрген әкем, мені сол оқуға берді. Сабақ бастарына жиырма тиын күміс беріп отырып:
Молдеке, балам оқуға ынталы. Бірақ титтей нәрседен көңілі қалып, өкпелеп қалды мінезі бар, соны ескерерсіз, яғни ұрып-соғушы болма, — деді әкем. Сабақ бастар үшін елден ерекше жиырма тыйын берген ризалық білдіріп:
Сонымен мен тоғыз жасымда молда алдын көрдім. Бірақ молда екеуміздің жұлдызымыз қарсы болды. Тағы молданың тіліне түсіне алмай, не айтса, соны қайталап айтатын болдым. Мәселең ол маған:
— Аңла, хайван! — дейді.
— Аңла, хайван! — деймін мен де оған.
Алғашқы күн-ақ қайыңның қабығына «әліп», «би», «си» деген «сабақтарды» жазып беріп жаттауға бұларды. Осы төрт әріпті танып, айыра білетіндей жаттап білудің өзі бір аптаға жуық созылды.
Бір күні сәске түс кезінде қалғып кеткен екем, солқылдақ шыбық шып етіп жонымды осып етті. Арқам удай ашып, бақырып, жылап ұшып тұрдым. Молда жылама деп ұрысты.
— Жазығым не?—дедім өксіп тұрып.
— Шаярма, доңғыз баласы,— деді. Мен де оған:
— Шаярма, доңғыз баласы,— дедім.
Молда тағы да шыбықпен осып-осып қалды. Қолынан шыбығын жұлып ала қаштым. Молда тұра ұмтылды. Ол кісін кием дегенше әу дейтін жерге зытып кеттім. Ол сыртқа жүгіріп шықты. Маған жете алмайтындығына көзі жетсе керек:
— Тұт хайваны, — деп үйдегі балаларға айқайлап бұйрық берді. Балалар шыға-шыға жүгірді. Сауытбайдың иттер қосылды. Екі екпемді қолыма алып, қояндай тырқыратып жүгіріп отырып, бес шақырымдай жердегі үйінің лезде жетіп келдім. Еңірей кіре, көйлегімді шешіп арқасын көрсеттім, әкем мен шешем айналып, толғанып әрең ұқты.
Көрмегенім молда болсын!—дедім.
— Молдадан оқысаң, оқымай-ақ қой, шырағым.— Бүйтіп сабай беретін болса, әбден кеще болып кетерсің,— деді әкем. Анам да осыны мақұл көрді. Менің мұсылманша оқуымның басы да, аяғы да осы болды.
Оқуым керек деген ой маған жансерік болды. Бірақ қайда оқимын? Осы ой әкем мен шешеме де арман болын қала берді.
«Соры қайнап, оқи алмай қалмаса игі еді» десіп қынжылды. Мен де қынжылдым. Бірақ амал қайсы, ауылда басқа мектеп жоқ еді. Не істеу керек? Бұл жұмбақ еді